карантин талаптарын сақтау туралы 5-11 сынып аралығындағы оқушылармен және ата-аналармен Zoom платформасы арқылы алдын-ала жоспарланып жиналыс өткізілді

2020 жылдың 30 желтоқсан күні кешкі сағат 21:00-де «№11 қалалық емхананың» салауатты өмір салты дәрігері Орынбасар Г.К. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлардың алдын алу бойынша, карантин талаптарын сақтау туралы 5-11 сынып аралығындағы оқушылармен және ата-аналармен Zoom платформасы арқылы алдын-ала жоспарланып жиналыс өткізілді. Орынбасар Г.К. жиналысты ашып, бүгінгі күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталып өтті. Ата-аналар назарына мына төмендегі сөздерді жеткізді, яғни Жаңа жыл мерекесі қарсаңында мерекелік іс шаралардың өтуіне, жаңа жыл мерекесін қоғамдық орындарда тойламау, кафе, тойханаларда, жеке үйлерде, мейрамханаларда отырыстар ұйымдастыруға оқушыларға қатаң түрде тыйым салынатынын ескертті. Ішкі істер қызметкерлерімен бірге рейдтер ұйымдастырылатын айтып өтті. Әсіресе ата-аналар назарына оқушылар пиротехникалық заттарды қолданбауын, соңы орны толмас өкінішке апаратынын айтып өтті. Қысқы демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру туралы айтты. Оқушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласындағы мұз қалашығына барып ашық аспан аясындағы мұз айдынына баруға, үйдің жанында орнатылған спорттық алаңдарда жаттығулар жасауға, үйлерінде қызықты кітаптарды оқуға кеңес берді. Жиналыс соңында ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылып жауаптары алынды.