Үсік шалудың алдын-алу шаралары.
№ 1 кеңес. Әрине, суық ауа райындағы ең маңызды - ол дұрыс киіну. Қанның айналуын қолдау қажет, яғни, тар және ыңғайсыз киім- ол жарамсыз таңдау болып саналады. Бірнеше қабатты кең киім қабаттар арасында ауаны ұстап қалуға және жылуды сақтауға мүмкіндік береді. Киім, әсіресе аяқ киім және ондағы ұлтарақ ешбір жағдайда ылғал болмау қажет, қыста мақта-матадан дайындалған шұлықтардың орнына жүн шұлық киген дұрыс: олар ылғалды сіңіріп алады және аяқтарды құрғақ сақтайды. Сонымен бірге, қатты аяздарда металлдан, оның ішінде алтын мен күмістен, дайындалған керек-жарақтарды тағуға болмайды, бұл қауіпті болу мүмкін. Аязда металл денеден әлдеқанша жылдам суып кетеді, сондықтан адамның денесіне жабысып қалу мүмкін. Керек-жарақты ауыртусыз шешіп алу мүмкін емес, жарақаттар пайда болу мүмкін.
№ 2 кеңес
Үсіктің негізгі себебі болып суық ауа табылады, бірақ оған тағы қатты жел қосылса, қауіп жоғарлайды. Үсікті болдырмау үшін суық ауа райында мүмкіндігінше үй-жайдан тыс болмаған дұрыс, ал егер бұл мүмкін болмаса, бетті мойынорағышпен орау немесе әдетте велосипедшілер немесе экстремалды қысқы спорт әуесқойлары киетін бет үшін арнайы тоқылған бетперделерді кию ұсынылады.
№ 3 кеңес
Суық қыста пайдалануға ұсынылатын қорғаудың косметикалық құралдары бар. Өйткені, өкінішке орай, киім терінің бүкіл бөліктерін жаппайды, бет қорғанусыз қалады, қолғаптарды да кейбір себептермен шешуге қажет болады. Теріні қорғау үшін бет және қолдар үшін арналған кремдерді, гигиеналық ерін далабын пайдалану қажет.
№ 4 кеңес
Аязда алкогольді ішкенде жылынуға болады деген дақпырт бар. Бұны үзілді-кесілді жасауға болмайды. Алкоголь шын мәнінде мүлде жылытпайды, тек жылудың елесін тудырады ғана. Керісінше, дене жылуынан тез айырылатын болады. Сонымен қатар, алкогольдің әсерімен адамдар үсіктің белгілерін сезбейді және ескермейді. Айтпақшы, аязда темекі шегу де ұсынылмайды. Қалай болғанда да, бұны жиі істемеген дұрыс. Өйткені шылым шегу қанның перифериялық айналымын азайтады, бұл аяқ-қолдарды әлсіздендіру мүмкін.