«Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының Төрағасы, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің атынан алғыс хатын провизорлық бөлімшенің дәрігері Сырлыбай Сымбат Асылбайқызына табыстады

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№11 қалалық емхана» ШЖҚ МКК директоры Сагандыков Ж.К. «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының Төрағасы, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің атынан алғыс хатын провизорлық бөлімшенің дәрігері Сырлыбай Сымбат Асылбайқызына табыстады.

Бұл алғыс хат Covid-19 коронавирустық инфекциясы қарсы күресте еңбегі сіңген әрі қалтқысыз қызмет атқарған медициналық қызметкерлерге берілді. Ақ халатты дәрігерлер мен мейірбикелердің біліктілігі пандемиямен күресте көп көмегін тигізді деуге болады. Сонымен қатар алғыс хатпен қоса  «Қазақстан Республикасының КОНСТИТУЦИЯСЫ» кітабы да берілді.

Сырлыбай Сымбат Асылбайқызын марапатпен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, жұмысына табыс тілейміз! Еліміз аман, тәуелсіздігіміз баянды болсын!