Праймериз

«№11 қалалық емхананың» ұжымы сайлауалды науқаны кандидаттарымен танысып, оларға дауыс беру үшін «Праймериз» ақпараттық жүйесіне тіркелді. Әріптестер азаматтық жауапкершілік танытып, белсенді қатысуда. Қатысушылардың ұсынып жатқан бағдарламаларының арасында медициналық қызметкерлер үшін маңызды, мәселен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын жетілдіру, қызмет көрсетуді электронды форматқа көшіру, тұрғын үй бағдарламалары,
коммуналдық төлемдерді төмендету, қоғамдық көліктерде ақысыз жүру мүмкіндігі сынды ұсыныстарын айтып кетті.
Нұрсұлтан Әбішұлы атап көрсеткендей, праймериз – әлеуметтік саты. Бұл әрбір тұрғынға еліміздің, қаламыздың дамуына үлес қосып, ат салысуы үшін берілген мүмкіндік. Праймериз барысында алдағы ҚР Парламент мәжілісіне немесе мәслихат сайлауына партия тізімі жасақталады. Онлайн дауыс беру 1-3 қазан күндері өтеді.