алғашқы сәбиін күткен жүкті әйелдерге «Босануға дайындық мектебінде» сабақ өтті

16 қыркүйек күні 2020 жылы ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-де жүктілігіне 33-36 апта болып, алғашқы сәбиін күткен жүкті әйелдерге «Босануға дайындық мектебінде» сабақ өтті.
Сабақтың тақырыбы: «Жүктіліктің үшінші триместрінің физиологиялық ерекшеліктері. Босануға дейінгі тамақтанудың маңыздылығы. Гигиена және жүкті әйелдің күн тәртібі» тақырыбында өтті. «Құрсақтағы сәбидің қозғалысына арналған тест» жайында таныстыру және үйрету өткізілді.
«Лотос қалыбында» гимнастика өткізілді, Кегель жаттығулары позитивті ойын түрінде болды, әйелдер көтеріңкі көңіл-күймен жаттығулар жасады.