ұжымындағы көпбалалы әріптестер арасында «дөңгелек үстел» өткізілді

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 2020 жылғы 14 - 21 қыркүйек аралығында «Отбасы – бақыт мекені» атты республикалық апта өткізу жоспарлануда.

           14 қыркүйек күні «№11 қалалық емхана» ұжымындағы көпбалалы әріптестер арасында «дөңгелек үстел» өткізілді. «Дөңгелек үстел» өткізудің мақсаты – қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы мен балалар мүддесіне мемлекеттік саясатын жүзеге асыру. Сонымен бірге, білім беру ұйымдарында оқушылар арасында келесі негізгі идеологияларды тарату бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді: отбасы - өмірдің мəні; берік отбасы – адамның сенімді тірегі; əрбір отбасы мемлекеттің қорғауында; ата-ананы құрметтеу – əрбір адамның қасиетті борышы; отбасын сақтау мен нығайтуға жұмсалған күш, құр бекер кеттпейді; құрмет – берік отбасының негізі; балалар алдындағы жауапкершілік – өз алдындағы жауапкершілік; отбасылық дəстүрлерді сақтау мен жастарға үйрету – аға буынның қасиетті борышы; жанұясыз адам – бұл тамырсыз, сабақсыз, жапырақсыз жəне жеміссіз ағаш. Бұл идеологиялардың өзектілігі адамгершілік құндылықтарды жəне отбасы мен неке кейіпін тарату, қазақстандық қоғамда отбасы мəртебесін арттыру қажеттілігіне байланыстырылды.