емхананың негізгі мамандарына қызметтік кезекті отырысын өткізді

2020 жылдың 4 қыркүйегінде ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-нің директоры Сагандыков Ж.К. емхананың негізгі мамандарына қызметтік кезекті отырысын өткізді.
Отырыста келесі бір қатар мәселелер қаралды.
Емхананың бас есепшісі Асқарова Күләш Советқызына Қазақстан Республикасының Конституциясы күні құрметіне төс белгі табысталды. Директор Сагандыков Ж.К. ол қызметкердің кәсіби біліктілігі жайында еңбексүйгіштік, адалдық, ширақтық, қарапайымдылық және кәсіби сауаттылығы туралы жас мамандарға үлгі етіп – айтып өтті, естелік төсбелгісін шын жүректен құттықтап, табыстады.
Және одан әрі жұмысына сәттілік пен мықты денсаулық тіледі. Асқарова К.С. ұжымға және директорға, сенім үшін алғысын білдірді, сонымен қатар амбулаториялық қызметті одан әрі дамытуға күш салатын айтты.
Директор, қызметкерлер тарапынан сапалы медициналық қызмет көрсетулеріне ерекше назар аударды. Скринингтік бағдарламаларды, реабилитациялық емдеуді және оңалтуды, күндізгі стационарды, клиникалық диагностикалық қызметтерді, жас мамандарды, дәрігерлер мен жалпы медбикелерді жол сілтеп оқытуды жоспарға алды. Сонымен қатар басқа да өзекті мәселелерді жүзеге асыру туралы айтылды.

  • atsApp_Image_2020-09-04_at_18.41.54
  • atsApp_Image_2020-09-04_at_18.41.55
  • atsApp_Image_2020-09-04_at_18.41.56