жүктіліктің ерте кезеңінде жүкті әйелдермен бастапқы психо-профилактикалық әңгіме өткізді

4 қыркүйекте ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-да психолог Аманова А.К. жүктіліктің ерте кезеңінде жүкті әйелдермен бастапқы психо-профилактикалық әңгіме өткізді.
Кеңес барысында, психолог жүктілік және оның жүктілік кезіндегі психо-эмоционалды жағдайға қалай әсер ететіндігі, әйелдің ана болуға психологиялық дайындығы және сәбиімен байланыс орнату туралы әңгімеледі. Жүктілік кезіндегі психологиялық тепе-теңдік пен үйлесімділікті сақтаудың маңыздылығы жайында кеңес берді.