Қазақстан республикасының президенті Қ. Тоқаевтың жолдауы

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы 2020 жылғы 1 қыркүйекте экономикалық және әлеуметтік мәселелер бойынша елді дамытудың маңызды негізгі мақсаттарын атап өтті.


            «№11 қалалық емхананың» директоры Сагандыков Жаналык Карипуллович күн тәртібіндегі негізгі 7 модернизациялык қағидаты туралы түсінік берді.

Елбасы, жетекші бағыттардың бірі денсаулық сақтау саласында екенін, «дәрігердің жұмысын бағалау» қажеттігін нақтылап айтты. «Бірақ,  медицина қызметкерлері бір кездері мемлекеттің назарынан тыс болды. Әрине, дәрігер мамандығының маңыздылығын қаржылай қолдау қажет». Біз жүйелі негізінде медициналық қызметкерлерге берілетін жалақы өсірілуін қолдаймыз.

 Бұл денсаулық сақтау жүйесінің мамандары үшін айтарлықтай қолдау.

Республика Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастырудың тәсілдерін қайта қарау туралы айтты.

«Ол халықтың, оның ішінде ауыл тұрғындарына мобильді және анағұрылым қол жетімді болуы керек. Медицина мамандарының жеткілікті болуы үшін және шалғайдағы аймақтар үшін көлік медицинасын қалпына келтіруді қолдаймын».

 

Ауылдық жерлердегі денсаулық сақтауды тиімділігін қамтамасыз ету және медициналық қызметтерге қол жеткізу үшін, әрине, үш жыл ішінде халыққа фельдшерлік-акушерлік және медициналық амбулаторияларды құру қажет.

Қажеттілік күшейген кезде елімізге бірқатар мамандардың қажеттілігін сезіндік: эпидемиологтар, инфекционисттер, реаниматологтар, пульмонологтар, кардиологтар даярлау туралы ойлануға мәжбүр етті және денсаулық сақтауды осы кадрлармен толықтыруды мақсат ету керек.

Ұлттық денсаулық сақтау саласына қатысты қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілетін және алдыңғыларды жаңартылатын, сондай-ақ төсек қоры жаңартылатын болады, бұл денсаулық сақтаудың дамуына оң әсер етеді.

«Отандық фармацевтика саласын аяғынан тік тұрғызу керек. Барлық дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар Қазақстанда өндірілуі тиіс. Бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі» - деген мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын қолдаймын және мемлекеттің қоры қосылып нығайатыланына сенімім зор.


2021 жылы «Аңсаған Сәби» атты арнайы бағдарламасын іске қосу арқылы Қазақстан халқының демографиялық жағдайына және жас ұрпақтың денсаулығына, отбасылық байланыстардың тұрақсыздығына байланысты, бұл бағдарламаның уақытылы болуы және отбасыларға некелерін сақтауға және отбасылық ортаны толықтыруға көмектесуі қажет.

ЭКҰ бағдарламаларына квоталар санын 7 мыңға дейін арттырылады - сонда ол қазіргіге қарағанда 7 есе көп»

«№11 қалалық емхананың» әкімшілігі мен ұжымы Мемлекет басшысының жолдауында көрсетілген басым бағыттар бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек жоғары сапалы қызметтер көрсету бойынша жұмысты жалғастырады және барлық күш-жігерімен атсалысады.