Құрметті және қымбатты біздің емханаға тіркелген – жүктілікті жоспарлап жүрген және жүкті әйелдер!!!
Сіздерді «№11 қалалық емханада» Абылайхан даңғылы, 30, 2 қабат 223 кабинетте өтетін «Жас ана мектебі» және «Босануға дайындық мектебіне» шақырамыз. Сабақтар апта сайын, сейсенбі мен бейсенбіде 16:00-ден 18:00-ге дейін өткізіледі.
Сіздерден сабаққа алдын-ала өз акушерлеріңізге немесе психологтар арқылы жазылуларыңызды сұраймыз. Топта санитарлы-эпидемиологиялық шаралар сақталуы тиіс. Топтар адам саны ең көбі 6 адамға дейін құрылады (қорғаныс құралдары, маскалар және әлеуметтік арақашықтық сақтау).