2020 жылы 28 тамызда директор Ж.К.Сагандыковтың бастауымен «№11 қалалық емхананың» ұжымы «Нұр-Отан» партиясы филиалы өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеуге арналған іс-шара өткізілді. Іс-Шарада Сагандыков Ж.К. қонақтармен амандасып, ұжымды осы мерекемен шын жүректен құттықтады.
Сонымен қатар «Нұр-Отан» партиясы филиалы өкілдері Конституция күнімен, оқу жылының басталуы - Білім күнімен құттықтап «Абди» ЖШС сауда желісінің қолдауымен мектепке кеңсе тауарларын сатып алу үшін номиналы 10 000 теңге құрайтын сыйлық сертификаттарын «Нұр-Отан» партиясының мүшелерінің балаларына табыстады.
Сіздерге сәттілік, жеңістер және табысты оқу жылын тілейміз!