Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеуге арналған іс-шара өткізілді

2020 жылы 28 тамызда директор Ж.К.Сагандыковтың бастауымен  «№11 қалалық емхананың» ұжымы «Нұр-Отан» партиясы филиалы өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеуге арналған іс-шара өткізілді. Іс-Шарада Сагандыков Ж.К. қонақтармен амандасып, ұжымды осы мерекемен шын жүректен құттықтады.
Сонымен қатар «Нұр-Отан» партиясы филиалы өкілдері Конституция күнімен, оқу жылының басталуы - Білім күнімен құттықтап «Абди» ЖШС сауда желісінің қолдауымен мектепке кеңсе тауарларын сатып алу үшін номиналы 10 000 теңге құрайтын сыйлық сертификаттарын «Нұр-Отан» партиясының мүшелерінің балаларына табыстады.

Сіздерге сәттілік, жеңістер және табысты оқу жылын тілейміз!
  • WhatsApp-Image-2020-08-28-at-20.04.30_1
  • WhatsApp-Image-2020-08-28-at-20.04.31-_1__1
  • WhatsApp-Image-2020-08-28-at-20.04.31_1
  • WhatsApp-Image-2020-08-28-at-20.04.32_1
  • atsApp_Image_2020-08-29_at_12.40.43