емхананың тіркелуінде тұрған - ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға сыйлықтар ұсынылды.

2020 жылдың 24 тамыз күні «1 қыркүйек - Білім күні» мерекесіне орай «№ 11 қалалық емханада» «Ақниет» жеке қайырымдылық қорының атынын қамқоршылар кеңесінің төрағасы Б.М. Бисембаеваның қолдауымен бірлесіп, емхананың тіркелуінде тұрған - ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға сыйлықтар (рюкзактар, кеңсе тауарлары) ұсынылды.

Емхана директоры Сагандыков Ж.К. балалар мен ата-аналарды шын жүректен құттықтап барлық ізгі тілектерін білдірді. Оларға зор денсаулық және оқуда озат болуларын тіледі.