қызметкерлердің бірінші сыныпқа баратын балалары үшін «1 қыркүйек - білім күні» мерекесіне орай оқушыларға рюкзактар мен оқу құралдары таратылды

2020 жылдың 24 тамыз күні ШЖҚ «№11 қалалық емхананың» МКК-нің кәсіподақ комитетінің қолдауымен қызметкерлердің бірінші сыныпқа баратын балалары үшін «1 қыркүйек - білім күні» мерекесіне орай оқушыларға рюкзактар мен оқу құралдары таратылды. Емхана директоры Сагандыков Ж.К. балалар мен ата-аналарды келе жатқан білім күні мерекесімен құттықтады.
Құрметті балалар! Сіздерді жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймын!
1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді. Мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып оқушылары, өзі армандаған мамандыққа қол жеткізіңіздер.
Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін, яғни 1 қыркүйек күні білім қабырғаларын аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алады, бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған, жауапты кезеңнің бастамасы. Ақ жол тілеймін!