емхананың негізгі мамандарына қызметтік кезекті отырысын өткізді

2020 жылдың 24 тамызында ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-нің директоры Сагандыков Ж.К. емхананың негізгі мамандарына қызметтік кезекті отырысын өткізді.
Отырыста келесі бір қатар мәселелер қаралды. Директор қызметкерлердің сапалы медициналық қызмет көрсетулеріне ерекше назар аударды. Скринингтік бағдарламаларды орындау, жол картасы, ауруларды басқару бағдарламасы, сонымен қатар жас мамандарды, жалпы тәжірибедегі дәрігерлер мен медбикелерді қолдау және оқыту туралы айтылды. Ағымдағы мынандай мәселелер де көтерілді: емханаға келген жағдайының ауырлығына сәйкес көмек көрсетілетін науқастарды реттеу, кадрлар және мұрағаттық құжаттар туралы, қатаң маска режимін сақтау, медициналық қызметкерлер үшін де, пациенттер үшін
санитарлық-эпидемиологиялық шараларды ұстану.