«Ақниет» жеке қайырымдылық қоры емхананың қарамағындағы ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларды мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті

1 қыркүйек қарсаңында «Жүректен жүрекке» акциясы аясында «Мектепке жол» іс-шарасына «Ақниет» жеке қайырымдылық қорының қамқоршылар кеңесінің төрағасы Б.М. Бисембаеваның және атқарушы директоры Б.М. Шаяхметованың қолдауымен бірлесіп емхананың қарамағындағы ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларды мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті.

«№ 11 қалалық емхана» әкімшілігі және директоры Ж.К. Сагандыковтың атынан өсіп кележатқан ұрпақты қолдағаны үшін шын жүректен ризашылығын білдіреді және болашақта шығармашылық, кәсіби табыс пен қайырымдылық қордың дамуына тілектеспіз және біздің кішкентай пациенттерге денсаулық пен оқу жылында сәттілік тілейді.