Ұлттық аккредитация

27-ші тамыз бен 30 тамыз аралығында ШЖҚ «№ 11 қалалық емхана» МКК-да денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық қызметтердің сапасын бақылау мақсатында ұлттық аккредитация өтті.

Сыртқы кешенді жан-жақты бағалау нәтижелерін растау немесе нақтылау үшін, бағалау Қазақстан Республикасының ұлттық хаттамалары шеңберінде орындалған құжаттар мен өңдеу процесстерін талдау негізінде жүргізілді.

Аккредитациялау процедурасы кезінде директор Сагандыков Ж.К. басқарған емхана ұжымы, орынбасарлары мен сарапшылары көрсетілетін медициналық қызметтердің халыққа медициналық көмек пен медициналық қызмет көрсететіндердің денсаулық сақтау саласындағы белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін қорғады.

«№ 11 қалалық емхана» ұжымын аккредитациядан сәтті өтуімен және 2 санатты иеленуімен құттықтаймыз.

Емхананың ұжымына алдағы уақытта одан әрі сапалы және жемісті жұмыс, кәсіби өсу және дағдылар мен қабілеттерді дамытуды тілейміз.