Жылжымалы флюорограф ұйымдастырылды

Бүгін №11 қалалық емхана базасында Железнодорожный тұрғын алабы тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын және қолжетімділігігн арттыру мақсатында, емхана қаражаты есебінен, жылжымалы флюорограф ұйымдастырылды. Профилактикалық флюорография тыныс алу органдарының ауруларын, туберкулездің алдын алу және кеуде қуысының басқа да жасырын басталатын  ауруларын ерте кезінде анықтау үшін қажет.

Сондай-ақ, емхана қызметкерлері МӘМС жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді жалғастыруда.

Железнодорожный тұрғын алабында күделікті жұмыстар

Жамбыл Жабаев көшесі, 20 мекенжайдағы Железнодорожный тұрғын алабында орналасқан, №11 қалалық емхананың базасында күн сайын ауруларды басқару бағдарламасы бойынша мына нозологиялар: қант диабеті, артериалды гипертензия, созылмалы жүрек жетіспеушілігі жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

Акция «Алдын алу! Қорғау! Егу!»

Бүгін №11 қалалық емханада ЖРВИ, тымау және пневмококты инфекцияның алдын алуға бағытталған, «Алдын алу! Қорғау! Егу!» ұлттық бағдарламасы аясында акция ұйымдастырылды. Емхана қызметкерлері иммундіпрофилактика, жеке және қоғамдық гигиена шаралары, ЖРВИ-дің және тымаудың ауыр зардаптары жөнінде тұрғындардың хабардар болуын арттыру мақсатында пациенттермен әңгіме өткізді. Сондай-ақ, емхана қызметкерлері МӘМС жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді жалғастыруда. 

Ашық есік күні!

«Балалар агрессиясы» тақырыбында лекция өтті

№11 қалалық емхана қызметкерлері, Бүкіләлемдік психикалық денсаулық күні аясында №29 мектепте 5-6 сынып оқушылары үшін «Балалар агрессиясы» тақырыбында лекция өткізді. Сондай-ақ, тымаудың және ЖРВИ-дың алдын алу жөнінде әңгіме болды.