«WALK THE TALK» акциясы өтті

Бүгін №11 қалалық емхана қызметкерлері БМСК бойынша БДҰ Алматы Декларациясының 40 жылдығына арналған, Жаһандық халықаралық конференция аясында «WALK THE TALK» акциясына қатысты. Біздің емхана ұжымы, денсаулықты нығайту, тұрғындарды спорттық жаттығуларға баулу мақсатында 3 шақырым, 1 шақырым жүгіруге және скандинавиялық жүріске белсене қатысты.

Медицина қызметкерлеріне арналған лекция өтті

Бүгін №11 қалалық емханада, сүт безінің обыры туралы хабарландыруды арттыру бойынша онкүндік аясында, дәрігер онколог-маммолог И.И.Штефанов «Сүт безі обырын ерте кезінде анықтау және оның алдын алу» тақырыбында медицина қызметкерлеріне арналған лекция өткізді.

Назар! Ашық есік күні!

Железнодорожный тұрғын алабының тұрғындары үшін жылжымалы флюорограф ұйымдастырылды

Бүгін, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, №11 қалалық емхана базасында, Жамбыл Жабаев көшесі, 20-дағы Железнодорожный тұрғын алабының тұрғындары үшін  жылжымалы флюорограф ұйымдастырылды. Тұрғын алаптың барлық тұрғындары флюорографиялық қарап тексеруден өтуге мүмкіндік алды, пациенттерге ыстық шай және тәттілер ұсынылды. Флюорографиялық қарап тексеру туберкулезді және кеуде қуысының қатерлі өзгерістерін ерте кезеңінде анықтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, емхана қызметкерлері МӘМС бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді белсенді жалғастыруда. 

Назар аударыңыз!