Назар!

Тұңғыш Президент күнін атап өту қарсаңында

Тұңғыш Президент күнін атап өту қарсаңында ҚР Тұңғыш Президент- Елбасы музейіне экскурсия

Бүгін №11 қалалық емхана қызметкерлері үшін Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың музейіне экскурсия ұйымдастырылды. Тұңғыш Президент музейінде қазіргі заманғы Қазақстан үшін ерекше маңызға ие бірегей ғылыми еңбектерді, коллекциялық кітаптар мен марапаттарды көруге болады. Аталмыш іс-шара біздің еліміздің тарихындағы айтулы оқиғаларға және Тұңғыш Президенттің жүріп өткен өмір жолына көз жүгіртуге мүмкіндік берді. Осы экскурсияның нәтижесінде біздің қызметкерлер Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өміріндегі көптеген маңызды оқиғалармен танысып, Елбасының Қазақстан дамуына қосқан орасан зор үлесіне жаңаша көзқарас қалыптастырды. 

Назар! Хабарлама!

«Түсікке жоқ де. Жасөспірімдік контрацепция» тақырыбында лекция өтті

Бүгін № 32 орта мектепте,  жасөспірімдердің бойында салауатты өмір салтын ұстануды, жыныстық тәрбие мәселесіне дұрыс көзқарасты қалыптасыру және ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында 9-11 сынып оқушыларына арналған «Түсікке жоқ де. Жасөспірімдік контрацепция» тақырыбында лекция өтті.

«Өз денсаулығың – өз қолыңда» атты акция ұйымдастырылды

Бүгін №11 қалалық емханада, салауатты өмір салтын насихаттау және ауруды ерте кезінде анықтау мақсатында, Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен бірлесе отырып «Өз денсаулығың – өз қолыңда» атты акция ұйымдастырылды. Барлық келушілер жалпы тәжірибе дәрігерінің, невропатологтың, дерматологтың кеңесін алып, қандағы холестерин мен глюкозаның деңгейін өлшетуге мүмкіндік алды. Сондай-ақ қызметкерлер МӘМС бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын белсенді жүргізуде.