Бас дәрігердің блогы

Сагандыков Жаналык Карипуллаулы

Бас дәрігер блогына хош келдіңіздер!

Комментарии   

#7 Сисеноваға жауап 14.03.2018 13:51
Цитирую Сисенова:
7участок дарігері Бекбатыр Аймира Сакеновнага үлкен алгысымды билдиремин.Осындай білімді дәрігерлеріңіз көп болсын.Науқас адамдармен сойлесуі,қабылдауы өте керемет.Рахмет.

Сәлеметсізбе! Сізге емхана қызметкеріне ықыласыңыз үшін алғыс айтамыз. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға бақыт тілейміз.
Жауап
#6 Нұржамалға жауап 29.11.2017 06:09
Цитирую Нұржамал:
Сəлеметсіздер ме!11 қалалық емханасындағы емшара бөлмесіндегі медбиеке Бопылова Айгуль Заузатқызына ерекше алғысымды білдіргім келеді. Өз ісінің білікті маманы.Қашан барсанда,жылы қарсы алады. Еңбегіне жеміс тілеймін!!!

Сәлеметсізбе,Нұржамал! Біздің емхана қызметкерлері атына жылы сөздеріңізді арнап, ықыласыңыз бен алғысыңызды білдіргеніңіз үшін Сізге ризашылығымызды жеткіземіз! Өзіңіз байқағандай, ем-шара бөлмесінде жұмыс істейтін медбике Бопылова Айгүл Заузатқызы шынында да тәжирибиесі мол, біліктілігі жоғары, өте білімді маман. Сондай-ақ, біздің емханада өз ісіне адал, пациенттерге сапалы әрі уақытылы медициналық көмек көрсетуге әрқашан дайын тұратын елгезек, қарапайым жандар жеткілікті. Сондықтан, алдағы уақытта біздің емханамен қарым-қатынасыңыздың нығая түсетініне сенімдіміз. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық тілейміз!
Жауап
#5 Нурханға жауап 06.08.2017 04:50
Цитирую Нурхан:
ДАТ! Қайырлы күн! Абылайхан көшесі 18 үй тұрғынымын. 25.06 қабылдау бөлімі қоңырау шалып келесі күнге Тевапевтке жазылмақ болдым. 17,00-20,00 аралығында қабылдайтынын айтты (кезекте тұру арқылы). Келесі күні 205 кабинетке аталған уақытта келіп, Терапевт Пернебекова Рыскул Жақсылыққызына көңілім қалды. НЕГЕ? Біріншіден - медбикесі бұрылып уақыт бітті, ертеңге запис деп ісін жалғастыра берді. Дәрігер менің көзімше шығып кетті. Бір күн бұрын қоңырау шалғанымды айтып, қайталап сұрап, оңай кете қоймайтынымды сезген соң 1 сағат күт ол кісі қағаз жазады, содан кейін қарайды деп кабинет алдында жайғастырды. 30 мин өткен соң күткен Терапевтім де пайда болды. Амандық - саулық, тіпті аты жөнімді де сұраған жоқ! Кабинет қаптаған ақ халаттылар. Сол төртеудің көзінше неге келгенімді айта бастадым. Қолыма температура өлшейтін қүрал ұсынып, тексер деді. Мүлде басқа сұрақпен келгенімді айтып мен әлекпін. Еш жерім ауырмайтынын, тек тренажер залына бару үшін тексерілуге келгенімді айтып тоқтаттым. Жансая атты көмекшісіне сілтеп, келесі кабинетке жіберді. Жансаяның арқасында нұсқау қағазын (направление) қолға алдым. Өкініштісі 1 айдан соң кезегім келуі мүмкін екен )). (Неге басқа мекемелерде ақылы түрде өтуге болатынын ұсынбайды?). Кім үшін немқұрайлы, Елорданың дәрігері осылай өз ісіне қараса - ертең не болмақ? Мәселені қарап, жауап беруіңізді сұраймын. 87756020150

Сәлеметсіз бе, Нұрхан! ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК әкімшілігі қызмет көрсету барысында туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Сіздің өтінішіңізде ескерілген барлық мәселелерді естігеннен кейін, №11 ҚЕ әкімшілігі оларды тез арада жою және шешу жөнінде бірнеше жауап шараларын қолданды. Атап айтсақ, медициналық қызметкерлермен этиканы және деонтологияны сақтау туралы әңгіме жүргізілді, сондай-ақ медициналық көмек көрсету кезінде қызметінің ерекшеліктерін есепке алумен конструктивті шешім берілді. Сіз өтініш жасаған күні аймақтық дәрігер Р.Ж.Пернебекова уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайында болғандықтан, жедел емделу үшін стационарға жоспарлы емделуге жатқызу түріндегі қабылдауға жазу кестесі жабық болды. Осы уақытта дәрігер емханада болғандықтан және жақын күндерде стационарға емделуге жатқызуға жолдануға тиіс пациенттерге арналған құжаттамалармен жұмыс істегендіктен, тіркеу бөлімінде сізге «жанды» кезек бойынша аймақта қызмет алу ұсынылды. УДЗ тексеріс бойынша кабинеттің дәрігері отбасы жағдайына байланысты өз есебінен демалыс алған болатын, ал басқа дәрігер декреттік демалысқа кеткен. Осының бәрі кейбір қолайсыздықтардың туындауына және кабинет жұмысының іркілуіне әкеліп соқты. Бұл жағдайға түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз. Сіздің жағдайыңызда аймақтық мейіргер жоспарлы тексеру тізімі бойынша сізге жолдама бере алады. УДЗ тексеру бойынша аймақтық мейіргер кабинеттің жұмысы жаңғыртылған кезде сізге хабар береді. Жемісті серіктестікке сеніміміз мол!
Жауап
#4 Жунусова Бахытқа жауап 06.08.2017 04:49
Цитирую Жунусова Бахыт:
Гүлмира ! Осы жылдары сiздей медбикемен жақсы қарым -қатынаста болғанымызға қуаныштымын . Қайда болсаңыз да жолыңыз болып, мамандығыңызда тек қана асқақтай берiңiз !
Сiздiң жұмысыңызға ризамыз, участоктағы балалар, ата-аналар сiзге бауыр басып қалды. Тек ақ жол сiзге!
Сiздiң арқаңызда бiз ешқандай қиыншылық көрген жоқпыз. Қоңырау соққанда, сiз кiшкентай сәбилерге жүгiрiп келесiз. Гүлмира!Алғысымызды айтамыз. Сiз - ерекше жансыз!Өсiнiз, өнiңiз!
//// Жунусова Б.А.
Жунусова Дилияның анасы

Құрметті Жунусова Бахыт! Емхана әкімшілігі Сізге Астана қаласы әкімдігінің «№11 қалалық емхана» МКК қызметкері атына білдірген жылы лебізіңіз үшін алғыс айтады. Сізге және отбасыңызға зор денсаулық тілейміз.
Жауап
#3 Аселге жауап 25.07.2017 09:49
Цитирую Асель:
Салеметсізбе, менің аты жөнім Альменова Асел. Мен осы парақшаны пайдалана отырып, сиздерде дені сау балалар бөлмесінде кызмет ететін Сулейменова Сəулеге үлкен алғыс білдіремін жане емханага келушілерге сол кісінің кеңесін к жане білімділгін колдануына кеңес беремін. СУЛЕЙМЕНОВА САУЛЕ-оте білімді, карапйым, келушілермкелушілермен оте сыпайы сөйлеседи. Сонымен қатар берер кеңесі де оте маңызды əрі түсінікті. Осындай ақ халатты асыл жандажандар көп болса екен. Ол кісі байкауымша тек маған емес көп мамашаларга унайтынын байқадым. Көп жасаңыз жаным!!!

Құрметті Әсел! Емхана әкімшілігі Сізге Астана қаласы әкімдігінің «№11 қалалық емхана» МКК қызметкері атына білдірген жылы лебізіңіз үшін алғыс айтады. Сізге және отбасыңызға зор денсаулық тілейміз
Жауап
#2 Жунусова Бахыт Абаевнаға жауап 19.07.2017 20:19
Цитирую Жунусова Бахыт Абаевна:
Гүлмира Ишмағамбетова медбикеге алғыс айтқым келедi..Гүлмира ! Осы жылдары сiздей медбикемен жақсы қарым -қатынаста болғанымызға қуаныштымын . Қайда болсаңыз да жолыңыз болып, мамандығыңызда тек қана асқақтай берiңiз !
Сiздiң жұмысыңызға ризамыз, участоктағы балалар, ата-аналар сiзге бауыр басып қалды. Тек ақ жол сiзге!
Сiздiң арқаңызда бiз ешқандай қиыншылық көрген жоқпыз. Қоңырау соққанда, сiз кiшкентай сәбилерге жүгiрiп келесiз. Гүлмира!Алғысымызды айтамыз. Сiз - ерекше жансыз!Өсiнiз, өнiңiз!

Құрметті Бахыт Абаевна! Сізге емхана қызметкеріне ықыласыңыз үшін алғыс айтамыз. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға бақыт тілейміз.
Жауап
#1 Нурлыбекке жауап 30.06.2017 05:10
Цитирую Нурлыбек:
Ишмагамбетова Гульмира Карагуловна біздің медбике. Өте керемет қызметке, ісі алға бассын. Біздің Отбасы шын жүректен ризашылығын білдіреді.

Құрметті Нурлыбек! Сізге емхана қызметкеріне ықыласыңыз үшін алғыс айтамыз. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға бақыт тілейміз.
Жауап

Сұрақ қою

Сиқырлы саны
Қайтадан қарау