Перечень государственных услуг в области здравоохранения, оказываемых на уровне организаций, оказывающих амбулаторно-поликлиническую помощь, в том числе первичную медико-санитарную помощь

Перечень государственных услуг в области здравоохранения, оказываемых на уровне организаций, оказывающих амбулаторно-поликлиническую помощь, в том числе первичную медико-санитарную помощь

Халықаралық қарттар күні!

Құрметті Ата-әжелер! Сіздердің бойларыңыздағы өмірге деген шексіз белсенділік, ерік-жігер бүгінгі жастарға үлгі-өнеге болып табылады. Сіздердің көпшілігіңіз өз жастарыңызға қарамастан өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде белсенділік көрсетіп, еңбек еттіңіздер. Біз сіздердің бай тәжірибелеріңізді жоғары бағалаймыз.  Бүгін ерен еңбектеріңіз бен шыдамдылық пен төзімділіктеріңізге алғыс білдіреміз. Сіздерге баянды бақыт, мәнді өмір, зор денсаулық пен амандық тілейміз, жақындарыңыздың өздеріңізге деген сарқылмас сүйікпеншілігі мен мақтаныш сезімі арта берсін! 

Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да. Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым - парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.

1990 жылы желтоқсан айының он төртінші жұлдызында Бас Ассамблея 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын. Бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында Қарттар күні Еуропада, кейін Америкада тойланған, ал 80 жылдардың аяғынан бері бүкіл әлемде атап өтіліп келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ

Құрметті отандастар!

Құрметті депутаттар, үкімет мүшелері!

Баршаңызды жаңа парламенттік маусымның басталуымен  құттықтаймын!

Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз.

Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады.

Осы уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналды.

Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық.

Бұл жасампаздық пен ілгерілеу, бейбітшілік пен келісім кезеңі болды.

Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, Қазақстандық, яғни  Назарбаев моделі деп атады.

Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр.

Біз бұған Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе аламыз.

Өздеріңізге белгілі, осының бәрі менің сайлау алдындағы бағдарламама негіз болды.