Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа жарлықтарға қол қойды

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа жарлықтарға қол қойды.

Елімізде денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел жәрдем көліктерінде, карантинге жасақталған жергілікті атқарушы органдар белгілеген жерлерде, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің науқастың үйіне барып медициналық көмек көрсету кезінде, инфекцилық ошақта эпидемиологиялық тергеу жүргізілуде, пациенттер мен науқастармен байланыста болған адамдардан сұрақ қою және сауалнама жүргізгенде аудио, фото және видео түсірілімге тыйым салынады.

директоры Сагандыков Ж.К. емхананың негізгі мамандарына қызметтік кезекті отырысын өткізді

2020 жылдың 25 желтоқсан күні «№11 қалалық емхананың» директоры Сагандыков Ж.К. емхананың негізгі мамандарына қызметтік кезекті отырысын өткізді. Отырыста келесі бір қатар мәселелер қаралды.
Жаңадан келген мамандарды әріптестермен таныстырды. Жаңадан қосылған мамандаға бірлесіп жемісті еңбек атқаруларына тілектес екенін білдірді.
Директор қызметкерлер тарапынан сапалы медициналық қызмет көрсетулеріне ерекше назар аударуы туралы айтты. Скринингтік бағдарламаларды, реабилитациялық емдеуді және оңалтуды, күндізгі стационарды, клиникалық диагностикалық қызметтерді 100% сапалы іске асыруды жоспарлады. Жас мамандарды бөлім меңгерушілер мен бас мейірбикелерге жол сілтеп оқытуды жоспарға алды. Сонымен қатар басқада өзекті мәселелерді жүзеге асыру туралы айтылды.

«Жаңа 2021 жыл» мерекесі қарсаңында тәтті жиынтықтар түрінде мүмкіндігі шектеулі кішкентай пациент балаларымызды жеке демеушінің қолдауы мен әлеуметтік қызметкерлердің қолдауымен Аяз ата мен Ақшақардың құттықтауы өтті

Железнодорожный кентінде орналасқан «№11 қалалық емхананың» филиалында, Жамбыл Жабаев көшесі 20 мекен жайы бойынша орналасқан, «Жаңа 2021 жыл» мерекесі қарсаңында тәтті жиынтықтар түрінде мүмкіндігі шектеулі кішкентай пациент балаларымызды жеке демеушінің қолдауы мен әлеуметтік қызметкерлердің қолдауымен Аяз ата мен Ақшақардың құттықтауы өтті.
Біз балаларымызға денінің саулығын, жақындарының жылулығы мен қамқорлық тілейміз.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№11 қалалық емхана» әкімшілігі және емхана директоры Ж.К.Сагандыков қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында және өз қызмет салаларында білімдерін жетілдіру мақсатында жағдай жасайды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№11 қалалық емхана» әкімшілігі және емхана директоры Ж.К.Сагандыков қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында және өз қызмет салаларында білімдерін жетілдіру мақсатында жағдай жасайды. Қызметкерлер кезең-кезеңімен біліктілігін арттырып отырады. «Ұлттық медициналық білім беру орталығы» және «Қазақстанның кәсіби әлеуметтік қызметкерлерінің ұлттық альянсының» қолдауымен 30 қараша және 5 желтоқсан аралығында емхананың әлеуметтік-психологиялық қызметкерлері  «Жүкті әйелдер мен жас балаларға арналған патронаждың әмбебап-прогрессивті моделі» және «Істерді басқарудың 9 кезеңі. Отбасын дамытудың жеке жоспарын құру» тақырыптарында 80-сағаттық оқуды оқып шығып біліктілігін арттырғанын растайтын сертификаттар ұсынылды.

үсік кезіндегі алғашқы көиек