Жалпы практика дәрігері, аккредиттеу стандарттарының "көшбасшысы" Г.А. Бакубаева емхана базасында білім алып жатырған студенттер үшін BLS (базалық жүрек-өкпе реанимациясы) бойынша кезекті оқытуды өткізді

Жалпы практика дәрігері, аккредиттеу стандарттарының "көшбасшысы" Г.А. Бакубаева емхана базасында білім алып жатырған студенттер үшін BLS (базалық жүрек-өкпе реанимациясы) бойынша кезекті оқытуды өткізді. Студенттер заманауи жабдықта әр әрекетті дағдыларын бекіткенге дейін орындады және ең маңызды өмір сүру алгоритмдеріне сәйкес әрекет етуді үйренді.

Емханамыздың қызметкерлері боулинг жарыстарына белсенді қатысты

Емханамыздың қызметкерлері 15 наурызда медициналық ұйымдар арасында Спартакиада-2023 аясында және "Дені сау ұлт" ұлттық жобасын іске асыру үшін өткізілген әйелдер арасындағы боулинг жарыстарына белсенді қатысты.
Іс-шараның ұйымдастырушысы «AQNIET» денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының Астаналық филиалы болып табылады.
Боулинг жарысына 32 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша үш жүлделі орын бөлінді.

Туберкулезге қарсы күрес айлығы аясында бүгін емханада ашық есік күні өтті

Туберкулезге қарсы күрес айлығы аясында бүгін емханада ашық есік күні өтті. Бұл іс-шара Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орайластырылып, "Біз туберкулезді жеңе аламыз"ұранымен ұйымдастырылды.

Шара барысында дәрігер-фтизиатр және фтизиопедиатр консультациялар өткізіп, барлық келушілерге туберкулездің алдын алу бойынша ақпараттық материалдар таратылды. Емханада туберкулездің алдын алу және ерте диагностикалау бойынша бейнероликтер көрсетілді, сондай-ақ орынбасар СӨС дәрігері Г.К. ақпараттық бұрыш ұйымдастырып, радиорубка арқылы "Туберкулездің алдын алу және оның белгілері туралы" ақпарат беріліп және профилактикалық сұхбаттар жүргізілді.

Бүгін емхана директоры Сагандыков Ж.К. кезекті жұмыс отырысын өткізді

Бүгін емхана директоры Сагандыков Ж.К. кезекті жұмыс отырысын өткізді.

Жиналыста қызметкерлердің жұмысын дұрыс ұйымдастыру, еңбек тәртібін бақылау, МӘМС және ТМККК бойынша жоспарлы тапсырмаларды орындау сұрақтары және басқа да көптеген өзекті жұмыс мәселелері талқыланды.

Алға қойылған жоспарлар мен тапсырмаларды нақты және тиімді орындау арқылы тіркелген тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсете аламыз.

Скрининг

Скрининг - бұл белгілі бір жастағы немесе санаттағы сау адамдарды профилактикалық медициналық тексеруден өткізу, қауіпті факторлар мен ауруларды ерте сатысында анықтау

Скринингтер белгілі бір ауруларға және белгілі бір жас топтарына өткізіледі ⬇️

0-ден 18 жасқа дейінгі балалар
30 бен 70 жас аралығындағы ересектер
Тәуекел топтары

Аурулар:

✅ Мінез-құлықтық тәуекел факторлары
✅ Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын және қант диабеті
✅ Глаукома
✅ Жатыр мойны обыры
✅ Сүт безі обырын қатерлі ісігі
✅ Колоректалды обыр
✅ В және С вирустық гепатиттері


Скринингтен өту үшін мекен жай бойынша тіркелген