Өзіңізді және басқаларды COVID-19 вирусынан қалай қорғауға болады?

Өзіңізді және басқаларды COVID-19 вирусынан қалай қорғауға болады?

    Адамдардан кем дегенде 1 метр қашықтықта болыңыз, әсіресе жөтеліп, мұрыннан су ағып, дене қызуы көтеріліп тұрған азаматтардан. Бір ғимаратьта болған кезде қосымша ара-қашықтықты сақтау керек. Қанша қашықтықта болсаңыз, соғұрлым қауіпсіз.

Адам көп шоғырланған жерлерде бетперде киюді әдетке айналдырыңыз. Бетперденің тиімділігін арттыру үшін оларды дұрыс сақтау, қолдану және жою керек.

Аурудың таралуы мейрамханаларда, тамақтану орындарында, хор айтатын қызметкерлер арасында, фитнес клубтарында, түнгі клубтарда, кеңселер мен ғибадат орындарына келушілер арасында жиі кездесуі тіркелуде, сондықтан халықтан көбінесе үйде болғанын сұраймыз. Ол жерлерде адамдар қатты сөйлеседі, өкпеден терең тыныс алады немесе қатты ән айтады.

Өзіңізді нашар сезінген кездегі әрекеттер.

Өзіңізді нашар сезінген кездегі әрекеттер.

COVID-19 симптомдарының спектрін білетіндігіңізге көз жеткізіңіз. COVID-19 ең көп таралған белгілері – дене қызуының көтерілуі, құрғақ жөтел және тез шаршағыштық. Кейбір пациенттерде кездесетін белгілерге дәм немесе иістің жоғалуы, ауырсыну, бас ауруы, тамақ ауруы, мұрын бітелуі, көздің қызаруы, диарея немесе терінің бөртпесі жатады.
Егер сізде жөтел, бас ауыру, аз ғана дене қызуы көтерілуі сияқты аурудың жеңіл белгілері болса да, сауығып кеткенше үйде оқшауланған күйде болыңыз. Көмек алу үшін дәрігерге немесе сенім телефонына хабарласыңыз. Сіз үшін дүкенге біреу баруын ұйымдастырыңыз. Егер сізге үйден кету керек болса немесе сіз біреумен тұрсаңыз, басқаларға жұқпас үшін медициналық масканы қолданыңыз.
Дене қызуы көтеріліп, жөтеліп, тыныс алуда қиындық туындаса, мүмкіндігінше тезірек дәрігерге жүгініңіз. Мүмкіндігінше, алдымен көмекке жүгініңіз және жергілікті денсаулық сақтау органының нұсқауларын орындаңыз.

ДДҰ жергілікті немесе орталық денсаулық сақтау органдары сияқты сенімді ақпарат көздерінен хабардар болып отырыңыз. Денсаулық сақтаудың жергілікті және орталық органдары сіздің аймағыңыздағы адамдар үшін жеке қорғаныс шаралары туралы ең дұрыс кеңес бере алады.

Инфекцияны қалай болдырмауға болады?

Инфекцияны қалай болдырмауға болады?

    Біріншіден: қол гигиенасын қатаң сақтаңыз - қоғамдық орындар мен дәретханаға барғаннан кейін әрқашан қолдарыңызды 20 секунд бойы мұқият жуыңыз, содан кейін оларды бір реттік қағаз сүлгімен құрғатып сүртіңіз. Жаныңызда антисептикалық майлықтар немесе сұйық ерітінділер болғаны жөн (гелдер, спрейлер және басқа). Осылайша сіз қолыңызды жуатын мүмкіндік болмаса да, әрдайым таза ұстай аласыз.

    Екіншіден: телефонды үнемі антисептикалық заттармен өңдеңіз, әсіресе бетіңізге жанасатын бетін. Егер телефонның сырт қабы болса, оны өңдеу кезінде бөлек алып тастап зарарсыздандыру керек (немесе оны қолданбаған дұрыс).

Құрметті пациенттер!!!

Құрметті пациенттер!!!
«№11 қалалық емханаға» кіру тек «Ашық» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады!

психологы Курмангужина Г.А. босануға дайындық мектебінде жүктіліктіріне сабақ жүргізді

2021 жылдың 3 тамыз күні «№11 қалалық емхананың» психологы Курмангужина Г.А. босануға дайындық мектебінде жүктіліктіріне 32-33 апта болып бірінші және екінші сәбиіне жүкті әйелдерге « 9 ай ғажайыпты күтудегі үміт  пен махаббат» тақырыбында сабақ жүргізді.

Мақсаты: «Болашақ ананы сәбидің дүниеге келуіне психологиялық дайындау».

Міндеттері: «Босануға деген жағымды қатынасты қалыптастыру және дамыту», «Жүктілік кезіндегі аффирмация».