№ 29 орта мектепте профилактикалық жұмыс жүргізілді

№ 29 орта мектепте профилактикалық жұмыс жүргізілді. Профилактика бөлімінің мамандары темекі шегудің зияны туралы дәріс оқып, «стрессті басқару» бойынша психологиялық тренинг өткізді.

Жасөспірімдермен осындай іс-шаралар емхананың қызмет көрсету аумағында орналасқан барлық жалпы білім беретін мектептерде тұрақты негізде өткізіліп отырады.

Емхана базасында әлеуметтік қызметкерлер егде жастағы пациенттермен шығармашылық шеберлік сабағын өткізді

Емхана базасында әлеуметтік қызметкерлер егде жастағы пациенттермен шығармашылық шеберлік сабағын өткізді. Модульдік оригами техникасы бойынша пациенттер аққу, ваза, майлық қораптары түріндегі көлемді фигураларды жинады, сонымен қатар лотос гүлі мен қалампырдың композициясын жасады.

Оригами сабақтары пациенттердің есте сақтау қабілетін жақсартады және жүйке жүйесін нығайтады, сонымен қатар демалуға және стресстен арылуға көмектеседі.

“Балалардағы көкжөтел: мәселеге заманауи көзқарас”тақырыбында онлайн семинар-оқыту. Аталған дәрісті профессор Г.Д.Жұмағалиева оқыды

“Балалардағы көкжөтел: мәселеге заманауи көзқарас”тақырыбында онлайн семинар-оқыту. Аталған дәрісті профессор Г.Д.Жұмағалиева оқыды.

2023 жылы Қазақстанда көкжөтелдің 3 жағдайы анықталса, 2023 жылы 393 жағдайы тіркелген. 90% жағдайда көкжөтелмен екпе алмаған балалар ауырады.

Жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығының зақымдалуымен және ауыр жөтелдің пайда болуымен сипатталатын жедел инфекция көкжөтел деп аталады. Көкжөтел көбінесе мектеп жасына дейінгі балаларда кездеседі, бірақ ересек адамдарда да инфекция пайда болуы ықпал. Бұл ауру көбінесе өкпе қабынуы, мидың зақымдануы немесе инфекция салдарынан өмірге қауіп төндіретін басқа асқынулары болу ықтималдығы жоғары нәрестелер үшін үлкен қауіп төндіреді.

Amanat партиясының қалалық филиалында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Egemen Qazaqstan” газетіне берген “Прогрессивті ұлт ретінде біз алға қарауымыз керек!» атты сұхбатын талдау мақсатында эксперттер кездесуі өтті

Бүгін Amanat партиясының қалалық филиалында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Egemen Qazaqstan” газетіне берген “Прогрессивті ұлт ретінде біз алға қарауымыз керек!» атты сұхбатын талдау мақсатында эксперттер кездесуі өтті.
Спикерлер ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Серікқызы Жолдыбалина және ПОА-ның қоғамдық саясат институтының бас сарапшысы Ахмеди Еран сөз сөйледі, сондай-ақ кездесуге партия мүшесі, “Денсаулық 11” партиялық тобының “Сайлаушы 2” БПҰ хатшысы У. М. Агубаева да қатысты.

Мемлекет басшысы өз сұхбатында ішкі және сыртқы саясаттағы ағымдағы жағдайды егжей-тегжейлі талдауға ғана емес, сонымен қатар мемлекетіміздің барлық салаларда одан әрі дамуының стратегиялық мәселелеріне ерекше назар аударды. Қасым-Жомарт Кемелұлы алдағы сын-қатерлер әрбір азаматтан батыл және тиімді шешімдерді талап ететінін атап өтті.

Жуырда емханада Пациенттер кеңесінің кезекті отырысы өтті

Жуырда емханада Пациенттер кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Жиналыс барысында Пациенттер кеңесінің төрағасы қайта сайланып, нәтижесінде бірауыздан Игенбаева Ботагөз Ермайқызы Кеңес төрағасы болп тағайындалды.
Игенбаева Ботагөз Ербайқызы “Особые праздники” қоғамдық қорының басшысы болып табылады. Өз кезегінде Ботагөз Ермайқызы Кеңес мүшелеріне сенім білдіргені үшін алғысын білдіріп, пациенттеріміздің игілігі үшін жемісті жұмыс істеуге дайын екенін айтты.

Отырыста 2024 жылға арналған жоспар бойынша нақты мәселелер талқыланып, медициналық көмекті ұйымдастыруды жақсарту жөніндегі мәселелерді қарау үдерістеріне қатысуға, сондай-ақ қабылданған шешімдердің орындалуын қадағалауға ұсыныстар берілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы директор Ж.К.Сағандықовтың бастамасымен тіркелген тұрғындарға медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында емханада пациенттер кеңесі құрылды.