Медбике Бутабаева Гульзат Шайдильдаевна "Әкелерді тарту" модулі бойынша патронаждық бақылау жүргізіп, әкелерге балаларды тәрбиелеу және оларға күтім жасау бойынша бірнеше ұсынымдар береді...

Медбике Бутабаева Гульзат Шайдильдаевна "Әкелерді тарту" модулі бойынша патронаждық бақылау жүргізіп, әкелерге балаларды тәрбиелеу және оларға күтім жасау бойынша бірнеше ұсынымдар береді...

Жақсы әке болу үшін және ақылды әрі сау баланы өсіру үшін келесі әрекеттерді орындау керек:

Баламен ойнау және сөйлесу, ән айту, оған ертегілерді оқу, мадақтау;

Анасымен бірге шомылдыру, тамақтандыру, киіндіру, ұйықтау және массаж жасау;

Құшақтау, көзіне қарау және күлімсіреу;

Айналадағы заттарды көрсету және баланың сұрақтарына жауап беру;

Сонымен бірге, көп уақыты балаға бөлу керек.

Адам өміріндегі ең басты нәрсе-денсаулық. Дені сау болу-бұл сіздің физикалық және рухани күштеріңізді дамыту.

Адам өміріндегі ең басты нәрсе-денсаулық. Дені сау болу-бұл сіздің физикалық және рухани күштеріңізді дамыту.

Бүгін СӨС дәрігері Орынбасар Г.К. және психолог Амангельдинова М.А. "Қадірлі жас" клубында Денсаулық Мектебін өткізді.

Қатысушылар "Барлығы сіздің қолыңызда" атты тыныс алу жаттығуларын орындады, сонымен қатар "Атеросклероздың алдын алу үшін дұрыс теңдестірілген тамақтану"дәрісін тыңдады.

Емханамыздың психолог мамандары медицина қызметкерлері арасында кеңестер беріп, тренинг өткізді

Емханамыздың психолог мамандары медицина қызметкерлері арасында эмоционалды тепе-теңдік пен үйлесімді жұмысқа қол жеткізу үшін кеңестер беріп, тренинг өткізді. Қызметкерлерге стресстік жағдайлардан қалай шығу керектігі туралы ұсыныстар берілді.

Емханамыздың директоры Жаңалық Қариполлаұлы ҚР Конституция күніне орай емханамызда жақсы жұмысымен өздерін көрсеткен жас мамандардың ата-аналарына Алғыс хат жолдап, құттықтады.

Емханамыздың директоры Жаңалық Қариполлаұлы ҚР Конституция күніне орай емханамызда жақсы жұмысымен өздерін көрсеткен жас мамандардың ата-аналарына Алғыс хат жолдап, құттықтады.
Алғыс хатта «Әр балаға шынайы махаббатпен берілген тәрбие - оны жетістікке апаратын жол болып табылады. Осындай ықыласқа бөленіп өскен баланың болашағы зор болады. Осындай жетістікке жеткізіп, баланы тәрбиелеп отырған Сіздердің еңбектеріңіз»-делініп, алғыс айтылған.
Осы хатты алған әр әке-шешенің төбесі көкке жететіні сөзсіз.

№11 қалалық емхананың қызметкерлері директордың басшылығымен ШЖҚ "Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы" МКК-ның 90 жылдығына арналған "ҚР Жедел медициналық көмек қызметінің өзекті мәселелері"ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

Аталған конференцияда директор Ж.К. Сагандыков "МСАК медициналық ұйымдарының ЖМК бригадаларымен жеделдіктің 4 санатындағы шақыруларға қызмет көрсету" тақырыбында презентация жасап, №11 Қалалық емхана жанындағы шұғыл медициналық көмек бригадасы қызметінің деректері мен негізгі көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау жасады, сондай-ақ бөлімше бригадасының шұғыл медициналық көмек көрсету кезіндегі мәселелері және оларды шешу жолдары туралы сөз қозғады.