№ 11 Қалалық емханасының IT маманы Жасан Н.Р. қызметкерлерге ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша оқыту жүргізіп, деректерді қорғау ережелері мен ақпараттық жүйелермен қауіпсіз жұмыс істеу туралы түсіндірді

03.12.2025 жылы № 11 Қалалық емханасының IT маманы Жасан Н.Р. қызметкерлерге ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша оқыту жүргізіп, деректерді қорғау ережелері мен ақпараттық жүйелермен қауіпсіз жұмыс істеу туралы түсіндірді.
Сондай-ақ, сарапшы-дәрігер Төлегенов Қ.М. 2026 жылға арналған ТМКК және МӘМС шеңберінде медициналық көмек алу алгоритмін ұсынып, науқастардың жүгіну тәртібі мен негізгі өзгерістерді нақтылады.
Мақсаттары:
Қызметкерлердің ақпараттық қауіпсіздік туралы хабардарлығын арттыру;
Жеке және медициналық деректермен жұмыс істеу кезіндегі бұзушылықтардың алдын алу;
2026 жылы медициналық көмек көрсету ережелері мен тәртібі туралы персоналдың білімін жаңарту;
Науқастарды дұрыс бағыттауды және ақпараттандыруды қамтамасыз ету.

№ 11 қалалық емхана директоры Ж.К. Сагандыков азаматтардың жеке қабылдауын өткізді

2025 жылғы 2 желтоқсанда № 11 қалалық емхана директоры Ж.К. Сагандыков азаматтардың жеке қабылдауын өткізді. Қабылдау барысында пациент диагностикалық қызметтерге жолдама алу мәселесі бойынша кеңес алды. Қабылдау кезінде пациентке диагностикадан өту тәртібі туралы толық түсініктеме берілді. Өтініштің әрі қарай сүйемелденуін қамтамасыз ету мақсатында жалпы практика бөлімінің меңгерушісіне жұмысты белгіленген тәртіппен ұйымдастыру тапсырылды.

Абдуаева А.А. медициналық қызметкерлер үшін семинар өткізді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № ҚР ДСМ-112/2020 бұйрығында бекітілген «Рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидалары» негізінде клиникалық фармаколог Абдуаева А.А. медициналық қызметкерлер үшін семинар өткізді. Семинар барысында рецепт жазу тәртібі, құжаттарды дұрыс рәсімдеу, сондай-ақ рецепттердің сақталуы мен есепке алынуына қатысты талаптар талқыланды. Семинардың мақсаты – медициналық қызметкерлердің рецепт жазу, есепке алу және сақтау қағидалары жөніндегі білімін толықтыру, нормативтік талаптарды дұрыс орындауды қамтамасыз ету және дәрілік заттарды тағайындау кезіндегі қателіктерді азайту.

Ұлдана Мырзуанның қайғылы қазасына байланысты №11 қалалық емханасы ұжымы шынайы көңіл айтады

Ұлдана Мырзуанның қайғылы қазасына байланысты №11 қалалық емханасы ұжымы шынайы көңіл айтады. Өмірінің соңғы сәтінде де, пациенттерге көмек қолын созып, өз міндетін жауапты атқаруға тырысты.
Осы қиын кезеңде Ұлдананың жақындарына күш, төзімділік пен қолдау тілейміз.

Бүгін онлайн форматта Қамқоршылық кеңесінің отырысы өткізілді

Бүгін онлайн форматта Қамқоршылық кеңесінің отырысы өткізілді,
онда емхананың қызметіне қатысты негізгі мәселелер қаралды. Кеңес мүшелеріне конструктивті жұмысы үшін алғыс білдіреміз.