Пациент міндеттері

90-бап. Азаматтардың, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың міндеттері
1. Азаматтар: 
1) өз денсаулығын сақтаудың қамын жасауға;
2) денсаулық сақтау ұйымдарының қолданыстағы режимін сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес профилактикалық медициналық тексеріп-қараудан өтуге; 
4) медицина қызметкерлерінің, денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының жеке және қоғамдық денсаулыққа қатысты нұсқамаларын орындауға; 
5) өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын сақтау жөніндегі сақтық шаралары норындауға, медициналық ұйымдардың талап етуі бойынша зерттеп-қараудан өтуге және емделуге, инфекциялық аурулар мен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде өзінің ауруы туралы медициналық персоналға хабарлауға міндетті.
Айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын азаматтар зерттеп-қараудан және емделуден жалтарған жағдайда, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес куәландырылуға және мәжбүрлеу тәртібі мен емделуге тартылады.

Айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардан зардап шегетін азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жіберудің негіздері мен тәртібі осы Кодекс пен реттеледі;
6) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын сақтауға міндетті.
2. Жүкті әйелдер жүктіліктің он екі аптасына дейінгі мерзімде медициналық есепке тұруға міндетті.
3. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасының азаматтары мен бірдей міндеттілікте болады.
4. Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес мыналарды атқаруға міндетті:

1) санитариялық-эпидемияғақарсы (профилактикалық) іс-шараларжүргізуге;
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің, сондай-ақ мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілері мен санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларының талаптары норындауға;
3) орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және өнімді өндіру, тасымалдау, сақтау және халыққа өткізу кезінде оның қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге;
4) Қазақстан Республикасының заң намасына сәйкес өндірістік бақылауды жүзеге асыруға;
5) жаппа және топтық инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен улану пайда болған жағдайда, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығына қауіп төндіретін авариялық жағдайлар, өндірістің тоқтауы туралы, технологиялық процестердің бұзылуы туралы уақтылы хабарлауға;
6) дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың жанама әсерлері анықталған жағдайда, уәкілетті органға уақтылы хабарлауға;
7) айналасындағыларғаинфекциялықжәнепаразиттікауруларынжұқтыруқаупі бар қызметкөрсетусаласындажұмысістейтінқызметкерлердігигиеналықоқытудықамтамасызетуге; 
8) мемлекеттіксанитариялық-эпидемиологиялыққызметоргандарыныңлауазымдыадамдарынаөздерініңқұзыретінесәйкесзертханалықзерттеулержүргізуүшінөнімдердің, шикізаттың, тауарлардың, өндірістікортаныңсынамаларыніріктепалуғамүмкіндікжасауға;
9) медициналықтексеріп-қарауданөткендігінкуәландыратынқұжатыжоқадамдардыжұмысқажібермеуге, сондай-ақденсаулықсақтауұйымдарыанықтағанинфекциялықауруларменауыратыннауқастардыжәнеинфекциялықаурулардыңқоздырғыштарынтаратушылардыжұмыстаншеттетуге; 
10) тауарлардың, өнімдердің, шикізаттыңхалықтыңсанитариялық-эпидемиологиялықсалауаттығысаласындағынормативтік-құқықтықактілердіңталаптарынажәнегигиеналықнормативтергесәйкесеместігіанықталғанжағдайда, олардыөткізугежолбермеуге, сондай-ақолардыпайдаланунемесекәдегежаратумүмкіндігітуралышешімқабылдауға;
11) санитарлық паспортының болуы;

12) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелеріне қатысты есепке алу және есептілік құжаттамасын тексеруге ұсынуға;
13) егер кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызмет халықтың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін болса, оны тоқтата тұруға;
14) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың объектілерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің сақталуы тұрғысынан тексеруі мақсатында оларға кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
15) эпидемиологиялық айғақтар мен санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының нұсқамалары, қаулылары бойынша дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау іс-шараларын өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті.
 
92-бап. Пациенттердің міндеттері
1. Пациент осы Кодекстің 90-бабында көрсетілген міндеттерден басқа мыналарды атқаруға міндетті:
1) өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қолдануға;
2) медицина қызметкерлерімен қатынаста сыйластық пен сабырлылық көрсетуге;
3) диагноз қою және ауруды емдеу үшін қажетті бүкіл ақпаратты дәрігерге хабарлауға, медициналық араласуға келісім бергеннен кейін емдеуші дәрігердің барлық нұсқамаларын мүлтіксіз орындауға;
4) медициналық ұйымның ішкі тәртібінің қағидаларын сақтауға және мүлкіне ұқыпты қарауға, медициналық көмек алу кезінде медицина персоналымен ынтамақтастықта болуға;
5) диагностика мен емдеу процесінде, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар не оларға күдік пайда болған жағдайларда, өз денсаулығы жай-күйінің өзгерісі туралы медицина қызметкерлерін уақтылы хабардар етуге;
6) басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын іс-әрекеттер жасамауға;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
2. Осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген пациенттердің міндеттері науқас балаға стационарда күтім жасауды тікелей жүзеге асыратын ата-анасына немесе өзге де адамдарға қолданылады.