Медициналық ұйым туралы

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№11қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорының жарғысы

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№11қалалық емхана» МКК туралы Ереже

1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№11қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданында Абылай хан даңғылы, 30 мекенжайда орналасқан. 

2. Қалалық емхана учаскелік-аумақтық принцип бойынша емханаға тіркелген тұрғындарға амбулаторлық-емханалық көмек көрсетеді. 

3. Қалалық емхана өз қызметі ауданында жүзеге асыруға тартылған емдеу-алдын алу мекемесі болып табылады: сырқаттардың алды алу және төмендетудегі іс-шараларды кең ауқымда өткізу: ауруларды ерте анықтау; дені сау адмдар мен сырқаттарды диспансерлеу;  тұрғындарға білікті мамандандырылған медициналық көмек көрсету. Қалалық емхана өзіне қарасты күш пен қаражатты пайдалану арқылы халыққа санитарлық-гигиеналық тәрбие жұмысын жүргізеді, сонымен қатар жағымсыз әдетпен күресуді (темекі тарту, ішімдік ішу және т.с.с.) жүзеге асырады.

4. Қалалық емхананың негізгі міндеттері болып табылады:

4.1. емханада және үйде тікелей қымет алатын аудан тұрғындарына білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсету;

4.2.ауруларды, мүгедектік пен өлімді азайтуға бағытталған мекемеге тіркелген қызметкерлер мен қызмет алатын аудан тұрғындары арасында алдын алу іс-шаралар жиынтығын ұйымдастыру және өткізу;

4.3.тұрғындарды (дені сау және науқас), ең алдымен жасөспірімдерді, жүрек-қан, онкологиялық және басқа да ауралардың повышенный рискімен*** ауыратын тұлғаларды диспансерлеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру;

4.4. тұрғындарды санитарлық-гигиеналық тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттау, соның ішінде дұрыс тамаақтану, қозғалыс белсенділігін арттыру, темекі шегумен және басқа да зиянды әдеттермен күрес бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру.

5. осы міндеттерді жүзеге асыру үшін қалалық емхана (қалалық аурухананың емханалық бөлімшесі) ұйымдастырады және өтекізеді:

5.1. Өткір және тосын ауруға шалдығуда, жарақаттарда, улану мен басқа жазатайым оқиға болған жағдайда алғашқы және жедел медициналық көмек көрсету.

5.2.Денсаулық жағдайына, күйіне, төсек тартып жатуына байланысты емханаға келе алмайтындарға үйде емдеу негізінде дәрігерлік көмек көрсету, дәрігердің жүйелі түрде қарауы және ауруханаға жатқызу туралы сұрақты шешу. 

5.3. Ауру-сырқатты ерте анықтау, емханаға жүгінген емделушілерге білікті және толық тексеру. 

5.4.  Халыққа уақтылы және білікті дәрігерлік көмекті амбулаторлық қабылдауда және үйде емдеу негізінде көрсету. 
5.5. Стационарлық ем қабылдауға мұқтаж жандарды алдын ала максималды тексеріп, сырқатының бағдарына сәйкес уақытылы ауруханаға жатғызу.  

5.6. Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары, ми қанайналымының бұзылу салдарымен, қол-аяқ кемістігі аурулары мен оның зақымдануымен ауыратын науқастарды қалпына келтіру, кардиолог, невропотолог, ревматолог, травматолог және басқа да дәрігер мамандарды – дәрігерлерді жұмылдыра отырып, қалпына келтіріп емдеу бөлімшесінде шоғырландырылған қалпына келтіріп емдеуді жүргізу; 

5.7. Осы мақсатқа бірыңғай жүйені аса жоғары қолдана отырып және оларды көбінде емхананың алдын-алу бөлімшесіне шоғырландырып барлық кәсіби  (жұмысқа орналасуға, кезеңдік, мақсаттық және т.б.) тексеру түрлері; 

5.8. Халықты диспансерлеу, соның ішінде: олардың денсаулық жағдайын динамикалық бақылауға жататын тұлғаларды (дені сау және науқас) іріктеу. Олардың білікті тексерістен өтуін және ауру сипаты мен ағымына байланысты жүйелік емдеу, олардың еңбек және тұрмыс шартын тексеру және қажетті алдын алу шараларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету; 

5.9. Жасөспірімдер денсаулығының жағдайын динамикалық бақылау: жұмыс істейтін жасөспірімдер, кәсіби-техникалық училищелерде оқитын, орташа арнайы  және жоғары оқу орындарында оқитын оқушылардың еңбек және тұрмыс шарттарын тексеру, емдеу-сауықтыру шараларын жүзеге асыру; 

5.10. Эпидемияға қарсы шаралар (СЭС-мен бірлесіп): екпелер, жұқпалы аурумен ауыратын науқастарды анықтау, жұқпалы науқастармен байланыста болған тұлғаларды және реконвалесценталарды динамикалық бақылау (санитариялық-эпидемиялогиялық станция және т.б. дабылы);

5.11. Уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыз науқастарға (жұмыс істейтін және қызмет көрсететін) сараптама жүргізу, еңбекке жарамсыздық парағын және басқа жұмыс орнына ауыстыруды қажет ететін еңбек ұсыныстарын беру және ұзарту, санаториялық-курорттық емдеуге іріктеу; 

5.12 Тұрақты еңбекке жарамдылықтан айырылған белгілері бар тұлғаларды медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясына жіберу; 

5.13 Қызмет көрсетілетін халыққа, жасөспірімдер мен өндірістік кәсіпорын жұмысшыларына санитариялық-таныстыру жұмыстарын жүргізу, оларды гигиеналық тәрбиелеу. 

5.14. Емхана қызметкерлері мен бөлімшелерінің қызметтерін есепке алу. ҚР Денсаулық сауқтау министрлігі мен ҚР ДСМ ДСДРО бекітілген нысандар бойыннша есептер қалыптастыру, емхана қызметін сипаттайтын статистикалық деректерді, атап айтқанда, жалпы сырқаттар және жұмысшылардың уақытша еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан сырқаттарға талдау жасау; 

5.15. Дәрігерлер және орташа медициналық қызметкерлер біліктілігін жоғарлату жөнінде шаралар. 

6. Қалалық емхана құрамына көрсетілген емхананың әрекеттегі «Көрнекі ұйымдастырылған құрылымында» қарастырылған құрылымдық бөлімшелері енгізіледі.

7. №11 қалалық емхана өзіндік мекеме болып табылады және Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау басқармасына бағынады. 

8. Қызметті жоспарлау, қаржыландыру, штаттар, қалалық емхананы медициналық аппаратармен, аспаптармен, шаруашылық инвентарлар және басқа жабдықтармен жабдықтау белгіленген нормативтерге және белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізіледі. 

9. Қалалық емхананы, оның барлық әрекеттеріне тікелей жетекшілік ететін бас дәрігер басқарады. 

10. Өзіндік мекеме болып табылатын қалалық емхана заңды тұлға құқығын пайдаланады және штамп пен өзінің атауы белгіленген мөрі бар.