Азаматтардың медициналық жедел жәрдем қызметіне хабарласу ережелері

Медициналық жедел жәрдем (МЖЖ) «103» қала нөмірі бойынша төмендегідей жағдайларда шақырылады:

1)Қайғылы оқиға, жарақат немесе улану;

2)Науқастың немесе айналасындағы адамдардың өміріне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін аурудың асқынуы;

3)Босану немесе жүктіліктің асқынуы;

4)Жіті қантамыр синдромы

Мұндай жағдайларда медициналық жедел жәрдем қызметіне (МЖЖҚ) тез хабарласыңыз!

Ескерту: бұдан басқа, бастапқы медико-санитарлық көмек мамандарының өтініші бойынша МЖЖҚ қызметкерлері шұғыл госпиталдауды қажет ететін пациентті тасымалдауды жүзеге асырады.

Медициналық жедел жәрдем Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетел азаматтарына және аумақтағы азаматтығы жоқ тұлғаларға тегін қызмет көрсетеді.

МЖЖ мамандары төмендегідей жағдайларда үйге шақыруға бармайды:

1)амбулаторлық-емханалық ұйымдардың жұмыс уақытында, шұғыл медициналық көмекке зәру емес науқастың үйіне;

2)емдеуші дәрігер тағайындаған емшараларды орындауға (күретамырішілік, бұлшықетішілік, теріасты егулер, қандағы қантты анықтау және т.б.)

3)шұғыл госпиталдауға зәру емес ауруханаға жоспарлы түрде жататын науқасты тасымалдауға;

4)сот-наркологиялық және басқа да медициналық сараптама жүргізуге;

5)медициналық ұйымдарға кеңестік көмек көрсетуге;

6)науқасты ауруханадан үйіне жеткізуге;

7)өліммен аяқталған жағдайларды куәландыруға;

8)науқастар созылмалы ауру кезінде, емшаралар (күретамырішілік, бұлшықетішілік егулер) жасатуға, әртүрлі ауруларға ем тағайындалғанда тұрақты мекенжайы бойынша емханаға медициналық көмекке жүгінулері керек.

Ескерту:

1.Жұқпалы ауруларың алдын алу (мысалы: тұмау, гепатит, қызылша және т.б.) және қала тұрғындарының өз денсаулығын сақтау мақсатында тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаларға профилактикалық егулер жасату керек.

2.Медиицналық жедел жәрдем мамандары сот-медициналық қорытынды, алкоголдік мастануды куәландыру актілерін, еңбекке жарамсыздық парағын және анықтама бермейді.

Азаматтардың «103» телефоны бойынша медициналық жедел жәрдем қызметіне хабарласу ережелері

№1 ереже

Хабарласушы адам науқастың нақты мекенжайын, кіреберіс есіктің кодын, сондай-ақ үйге қалай оңай жетуге болатынын хабарлауы тиіс. Бұдан басқа, медициналық жедел жәрдем қызметкерінің пациент туралы барлық сұрақтарға нақты жауап беруі қажет, себебі қажетті бейіндегі (кардиологиялық, педиатриялық, желілік) бригаданың келуі осыған байланысты.

№2 ереже

Диспетчермен сөйлескеннен бірнеше минут өткен соң, пәтердегілердің біреуі (әрине, егер мүмкін болса) көшеге шығып, медициналық жедел жәрдем қызметкерлерін күтіп алулары қажет. Әсіресе кешкі және түнгі уақытта күтіп алған дұрыс. Себебі, біріншіден, бригаданың келуін тездетеді, екіншіден, арасында әйелдер көп МЖЖ қызметкерлері үшін кепіл болады.

№3 ереже

Оқиға болған жерге келген медициналық жедел жәрдем қызметкерлерінің тиімді жұмыс істеуіне қолайлы жағдай   жасау керек.

Бірінші кезекте науқастан өзгелерді шығару керек. Содан кейін медициналық жедел жәрдем қызметіне хабарласуға түрткі болған себептерді нақтылау керек, сондай-ақ шағымдары және пациенттің МЖЖ келгенге дейінгі жай-күйі туралы айту қажет.

Бұдан басқа, егер науқас созылмалы аурудан зардап шегетін болса, аурудың динамикасы (емханалық амбулаторлық карта, ауру тарихының үзінділері, кардиограммалар және т.б.) жазылған қолда бар құжаттарды МЖЖ бригадасының дәрігеріне беру керек.

№4 ереже

Пациентті госпиталдаған жағдайда, онымен бірге тек бір туысының немесе танысының баруына рұқсат етіледі.

Ескерту: медициналық жедел жәрдем бригадасын негізсіз шақырған немесе диспетчерге жалған ақпарат берген тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапқа тартылуы мүмкін.