Емханамыздың қызметкерлері боулинг жарыстарына белсенді қатысты

Емханамыздың қызметкерлері 15 наурызда медициналық ұйымдар арасында Спартакиада-2023 аясында және "Дені сау ұлт" ұлттық жобасын іске асыру үшін өткізілген әйелдер арасындағы боулинг жарыстарына белсенді қатысты.
Іс-шараның ұйымдастырушысы «AQNIET» денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының Астаналық филиалы болып табылады.
Боулинг жарысына 32 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша үш жүлделі орын бөлінді.