Туберкулезге қарсы күрес айлығы аясында бүгін емханада ашық есік күні өтті

Туберкулезге қарсы күрес айлығы аясында бүгін емханада ашық есік күні өтті. Бұл іс-шара Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орайластырылып, "Біз туберкулезді жеңе аламыз"ұранымен ұйымдастырылды.

Шара барысында дәрігер-фтизиатр және фтизиопедиатр консультациялар өткізіп, барлық келушілерге туберкулездің алдын алу бойынша ақпараттық материалдар таратылды. Емханада туберкулездің алдын алу және ерте диагностикалау бойынша бейнероликтер көрсетілді, сондай-ақ орынбасар СӨС дәрігері Г.К. ақпараттық бұрыш ұйымдастырып, радиорубка арқылы "Туберкулездің алдын алу және оның белгілері туралы" ақпарат беріліп және профилактикалық сұхбаттар жүргізілді.