Емханада АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері Идрисова А.А. қатысуымен семинар-кеңес өтті

Емханада АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері Идрисова А.А. қатысуымен семинар-кеңес өтті. Маман қатысушылардың назарына «2023 жылға арналған АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайға шолу» тақырыбында презентация ұсынды.

Кішкене статистикадан:
2023 жылдың 12 айында Астана қаласында АИТВ-инфекциясының 403 жағдайы тіркелді.
Барлық анықталған жағдайлардың 64,7% - ы 20-39 жас аралығындағы халыққа тиесілі.