Amanat партиясының қалалық филиалында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Egemen Qazaqstan” газетіне берген “Прогрессивті ұлт ретінде біз алға қарауымыз керек!» атты сұхбатын талдау мақсатында эксперттер кездесуі өтті

Бүгін Amanat партиясының қалалық филиалында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Egemen Qazaqstan” газетіне берген “Прогрессивті ұлт ретінде біз алға қарауымыз керек!» атты сұхбатын талдау мақсатында эксперттер кездесуі өтті.
Спикерлер ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Серікқызы Жолдыбалина және ПОА-ның қоғамдық саясат институтының бас сарапшысы Ахмеди Еран сөз сөйледі, сондай-ақ кездесуге партия мүшесі, “Денсаулық 11” партиялық тобының “Сайлаушы 2” БПҰ хатшысы У. М. Агубаева да қатысты.

Мемлекет басшысы өз сұхбатында ішкі және сыртқы саясаттағы ағымдағы жағдайды егжей-тегжейлі талдауға ғана емес, сонымен қатар мемлекетіміздің барлық салаларда одан әрі дамуының стратегиялық мәселелеріне ерекше назар аударды. Қасым-Жомарт Кемелұлы алдағы сын-қатерлер әрбір азаматтан батыл және тиімді шешімдерді талап ететінін атап өтті.