Қазақстандық ауыр атлет, Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильин ШЖҚ "№11 Қалалық емхана" МКК-да коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинация алды

Қазақстандық ауыр атлет, Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильин ШЖҚ "№11 Қалалық емхана" МКК-да коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинация алды. Вакцинация кабинетінің қызметкерлері спортшыны көргендеріне қуанышты болды.
Тұрғындарды екпе алуға шақырамыз. Вакцинаның арқасында ағзаға енген вирус бастапқы кезден бастап бұғатталуы мүмкін, соның арқасында ауру жеңіл түрде немесе симптомсыз өтеді.
ШЖҚ "№11 Қалалық емхана" МКК вакцинация пункті үзіліссіз және демалыссыз, дүйсенбіден жексенбіге аралығында, сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта емханада бірінші кезеңнен өткен адамдарға арналған американдық Pfizer вакцинасының екінші компоненті және қытайлық Vero Cell вакцинасы (Sinopharm) бар. Vero Cell 18 жастан асқан халықты вакцинациялауға және ревакцинациялауға арналған.