Ана сүтімен емізуді ынталандыру және бүкіл әлемде балалардың денсаулығын жақсарту үшін ұйымдастырылған емізуді қолдаудың Дүниежүзілік апталығы шеңберінде "№11 Қалалық емханада" "Ана сүтінің пайдасы туралы" топтық және жеке сұхбаттар, ақпараттық-түсіндіру

 

Ана сүтімен емізуді ынталандыру және бүкіл әлемде балалардың денсаулығын жақсарту үшін ұйымдастырылған емізуді қолдаудың Дүниежүзілік апталығы шеңберінде "№11 Қалалық емханада" "Ана сүтінің пайдасы туралы" топтық және жеке сұхбаттар, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, радиорубка арқылы ДДҰ-ның емізу туралы ұсыныстары бойынша дауыстық ақпарат айтылды.

Ана сүті сүті-нәрестелер үшін өте қолайлы тағам.Ана сүті- қауіпсіз және оның құрамында балаларды көптеген ауруларынан қорғауға көмектесетін антиденелер бар. Ана сүті нәрестені өмірінің алғашқы айларында барлық қажетті қуат пен қоректік заттармен қамтамасыз етеді.

ДДҰ бала туылғаннан кейінгі алғашқы сағатта емізуді бастауды және бала алты айға толғанға дейін тек ана сүтімен емізуді ұсынады. Осыдан кейін, екі жасқа дейін немесе одан кейінгі жасқа дейін емізуді тоқтатпай, қосымша тағамдарды енгізуді ұсынады.