№11 қалалық емхананың пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметі бөлімінің сарапшы дәрігері Закирова Гульнар Балатаевна қызметкерлерге арналған шағын топтарда оқыту жүргізді

№11 қалалық емхананың пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметі бөлімінің сарапшы дәрігері Закирова Гульнар Балатаевна "Медициналық инцидент жағдайларын (оқиғаларын) анықтау, оларды есепке алу және талдау қағидаларын бекіту туралы"ҚР ДСМ бұйрығы бойынша қызметкерлерге арналған шағын топтарда оқыту жүргізді.
Медициналық инцидент – Қазақстан Республикасының әкімшілік және қылмыстық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі, сондай-ақ пациенттің өліміне әкеп соғуы мүмкін, организмнің қалыпты жұмыс істеуінен ауытқуға негізделген медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сәйкес және технологияларды, жабдықтар мен құралдарды пайдалана отырып медициналық көмек көрсетуге байланысты оқиға болып табылады.
Медициналық инцидентті талдау нәтижелері бойынша медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін медициналық инциденттің қайталанған жағдайларын жою және алдын алу бойынша шаралар әзірленеді.