ШЖҚ "№11 Қалалық емхана" МКК-да медицина қызметкерлері үшін ұйымдастырылған базалық жүрек-өкпе реанимациясы (BLS) бойынша оқыту өтті

ШЖҚ "№11 Қалалық емхана" МКК-да медицина қызметкерлері үшін ұйымдастырылған базалық жүрек-өкпе реанимациясы (BLS) бойынша оқыту өтті.

Сабақты Астана медицина университетінің жедел шұғыл көмек және анестезиология-реаниматология кафедрасының доценті, м.ғ.к. Кокошко Алексей Иванович өткізді.

Тренингте қатысушылар алғашқы көмек көрсету кезінде құтқарушының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығы, қан айналымын тоқтатудың ықтимал себептері, қан айналымын тоқтату кезінде кеуде компрессиясы мен дефибрилляцияны ерте бастаудың маңыздылығы туралы білімдерін жаңартып, түсінік алды.

Аталған іс-шара елордадағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, шағын топтар арасында өткізілді.