Даун синдромымен ауыратын балалар арналған іс-шара өтті

«Солнечный мир» қоғамдық қорының жұмысына емхананың дәрігер-психотерапевті Абдуллина Г.С. белсене қатысты. Онда Даун синдромымен ауыратын балалар, сондай-ақ олардың ата-аналары мамандардан түзету және психоллогиялық көмек алды.  Шара барысында Cirgue du Soleil әртіістері шеберлік сыныбын өткізді.

Іс-шараның ұйымдастырушысы цирк бишілерінің бірі, Лос-Анжелес тұрғыны Кассиди Брайт болды. Брайттың жұмысында түрлі аурулармен  ауыратыны балалармен тәжірибесі бар. Ол хип-хоп, поп және басқа да заманауи билерді билеп берді. Балалармен ойнап, естелікке олармен суретке түсті. Би, музыка секілді оқулар өткізу баланың эмоционалдық жағдайына оң әсер ететініні белгілі. Би билеп, музыка тыңдаған бала тыныштанып, жақсы әсер алады.