Біздің қызметкерлер Азаматтық қорғаныс саласында дайындық өткізді

Астана қаласы әәкімдігінің ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК қызметкерлері Смыков Серік Елубайұлы, Жаманбаев Гұмырбек Мұқышұлы бас дәрігер Сағандықов Жаңалық Кариполлаұлының басшылығымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент» мемлекеттік мекемесінің базасында Азаматтық қорғаныс саласында дайындық өткізді.

Оқу 2017 жылғы 16-18 тамыз аралығында Астана қ. ТЖД, мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Бейбітшілік к., 22 өтті.

Оқу бағдарламасында Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңын, ҚР ТЖМ және ҚР ІІМ бұйрықтары және Қазақстан Республикасының тұрғындарды Азаматтық қорғау бойынша нормативті-құқықтық актілерін оқып-үйрену бар. 

Оқу соңында тұрғындардың қоғамдық қауіпсіздігін реттейтін нормативті-құқықтық актілерді білуіне тест жүргізілді. Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК Бас дәрігері Сағандықов Жаңалық Кариполлаұлы тестті табысты тапсырып, сертификат алды.