«№11 қалалық емхананың» шығу бригадасының фельдшерлеріне және диспетчерлеріне «Алғашқы медициналық жедел көмек көрсету алгоритмдері» бойынша әр он күндік сайын семинар өткізіледі

«№11 қалалық емхана» әкімшілігі, емхананың дәрігерлеріне, медициналық қызметкерлеріне өз қызмет салаларында білімдерін жетілдіру мақсатында жағдай жасайды. Қызметкерлер кезең-кезеңімен біліктілігін арттырып отырады.  «№11 қалалық емхананың» шығу бригадасының фельдшерлеріне және диспетчерлеріне «Алғашқы медициналық жедел көмек көрсету алгоритмдері» бойынша әр он күндік сайын семинар өткізіледі.  

2021 жылдың 7 қазан күні «Іштің өткір ауруы кезіндегі жедел медициналық көмек көрсету алгоритмі» тақырыптары бойынша семинар өткізілді.