ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК аумағында 2017 жылғы 24 тамызда Азаматтық қорғанысқа қатысты нысанды жаттығу және төтенше жағдайларға төтеп беру шаралары өтті

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңының 46-бабына және Астана қаласы әкімімен – Астана қаласы азаматтық қорғаныс бастығымен бекітілген 2017 жылғы елордалық аумақтық шағын жүйелерінің азаматтық қорғанысын жетілдіру жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Астана қ. әкімдігігің ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК аумағында 2017 жылғы 24 тамызда  Азаматтық қорғанысқа қатысты нысанды жаттығу және төтенше жағдайларға төтеп беру шаралары өтті.

Жаттығу тақырыбы: «Күдікті зат» атауымен «ТЖ туындаған кездегі әрекеттер».

Осы шараға дайындалу және оны өткізу бойынша құжаттар алдын ала әзірленді. Сондай-ақ, емхана қызметкерлерімен оқу-әдістемелік жұмыс жүргізілді. Содан соң шараның тәжірибелік бөлігі өткізілді.

Жаттығу жүргізу алдында емхана ғимаратының бірінші қабатында жарылыс құралы макетінің оқуы өтті.

Кезекші 2 минуттан кейін «күдікті затты» тапқан соң, емхана пациенттері мен қызметкерлеріне сұрақ-жауап өткізіп, нұсқамаға сәкес қауіпсіздік шараларын қабылдады. Соңынан емхана пациенттері мен қызметкерлері, сыртқа шығарылып, сондай-ақ жақын маңдағы орындарға тұрған автокөліктер тысқары апарылды.

Қызметкерлерден құралған өрт сөндіру бөлімшесі өздерінің функционалдық міндеттерін орындады.

Емханадағы Азаматтық қорғаныс бастығының (бас дәрігер) және басшы қызметкерлердің басшылығымен осы іс-шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Әлемдік масштабта мұндай шараны ұйымдастырудың маңызы зор. Оқу-жаттықтыру іс-шарасмының барысы фотоға, бейнефиксацияға түсірілді. Осы іс-шара АҚ бойынша ісшара өткізу жоспарына сәйкес жүргізілді. Іс-шараны орындау және жүзеге асыру үшін жауапты азаматтық қорғаныс  штабының бастығы, ЕҚ және ТҚ бойынша инженер болды.