«№11 қалалық емханада» психолог Нургожина Б.С. және әлеуметтік қызметкер Мухамбеталина Г.Ж. №3 ЖТД бөлімінің қызметкерлері үшін «Кәсіби күйзелудің алдын алу» тақырыбында тренинг өткізілді

«№11 қалалық емханада» психолог Нургожина Б.С. және әлеуметтік қызметкер Мухамбеталина Г.Ж. №3 ЖТД бөлімінің қызметкерлері үшін «Кәсіби күйзелудің алдын алу» тақырыбында тренинг өткізілді.

Мақсаты: «Эмоционалды күйзелу» ұғымымен танысу, оның көріну белгілері, қалыптасу кезеңдері.

Міндеттері: эмоционалды күйзеліс деңгейін төмендету; жеке ресурстық күйлерді белсендіруге ықпал ету; психикалық денсаулықты сақтау мен нығайтуға көзқарасты қалыптастыру
Тренинг барысында сәлемдесу, танысу, жылыну жаттығулары жүргізілді.
Өзіңізді эмоционалдық сарқылудың ауырлығына қарай бағалау. «Сезім білдіру».
Өмірлік құндылықтардың басымдықтарына өзіндік талдау. «Ең бастысы - екінші деңгей»
«Релаксация мен өзін-өзі реттеу әдістерін меңгеру» өзін-өзі реттеуге арналған жаттығулар
«Не үйрендім» жаттығуы.