Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары!

  • Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары!

    Қазақстанда 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы екпе басталды. Тұмауға қарсы вакцина 6 айдан 12 айға дейін иммунитетті күшейтуге көмектеседі. Бұл вакцина кез келген вирустан қорғаудың ең тиімді әдісі.

    «№11 қалалық емханада» тұмауға қарсы «Гриппол плюс» препаратымен (өндіруші Ресей) екпе жасау басталды.

    Екпені мына мекен жай бойынша ала аласыздар:
    - Абылай хана даң., 30., 2-этаж 207 кабинет жұмыс күндері сағат 08.00 ден 20.00 дейін, сенбі күні 08.00 ден 14.00 дейін.
    - «№11 қалалық емхананың» филиалы Железнодорожный кенті (ст.40-ая) Ж.Жабаев көш., 20.


    Бірінші кезекте халықтың әлсіз тобына вакцина салынады. Олардың қатарына созылмалы дерті бар жиі ауыратын 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, 60-тан асқан қарт адамдар, сондай-ақ жабық типтегі мекемелердегі адамдар (балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілер, медициналық қызметкерлер) кіреді.

    - медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар;
    - жасы 6 айдан асқан әрі жиі ауыратын балалар;
    - қарттар мен мүгедектер үйін мекендеушілер;
    - жүктіліктің екінші не үшінші триместріндегі жүкті әйелдер;
    жүрек-қан тамыр жүйесі мен тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар адамдар.

    Қазан айының ортасында тұмаумен және ЖРВИ-мен ауыратындардың саны күрт көбейеді. Ал вакцинадан кейінгі иммунитет екі аптаның ішінде пайда болады. Сондықтан қазіргі салынып жатқан вакцина екі-үш аптаның ішінде бітсе, сонда сәйкесінше тұмаудың маусымы келген кезде барлығының иммунитеті дайын болады.

    Тұмауға қарсы вакцина - тұмаудың алдын алуға және ауыр асқынулар мен тіпті өлім қаупін азайтуға арналған ең жақсы құрал. Вакцинаның тиімділігі бұл вирустың түріне және вакцинаның компоненттеріне  байланысты. Орташа есеппен алғанда вакцина 18-64 жас аралығындағы сау ересектерде инфекцияның шамамен 60 пайызын болдырмайды. Тұмауға қарсы вакцина шамамен 14 күн өткен соң әсер ете бастайды.

    Балаларға алты айлық кезінен бастап тұмауға қарсы екпе салдыруға болады. Алғашқы екі-үш күнде балада аздап әлсіздік болуы мүмкін, бірақ одан қауіп жоқ дейді. Вакцинация жыл сайын, жылына бір рет жүргізілуі керек. Бұрын егілмеген балаларға айына екі рет вакцинация жасалады.
  • Дене қызуы 38,5 градустан жоғары болса, қызу басатын дәрі-дәрмектермен түсіру керек. Бірақ мұндай жағдайлар сирек кездеседі.