Өзіңізді және басқаларды COVID-19 вирусынан қалай қорғауға болады?

 

Өзіңізді және басқаларды COVID-19 вирусынан қалай қорғауға болады?

    Адамдардан кем дегенде 1 метр қашықтықта болыңыз, әсіресе жөтеліп, мұрыннан су ағып, дене қызуы көтеріліп тұрған азаматтардан. Бір ғимаратьта болған кезде қосымша ара-қашықтықты сақтау керек. Қанша қашықтықта болсаңыз, соғұрлым қауіпсіз.

Адам көп шоғырланған жерлерде бетперде киюді әдетке айналдырыңыз. Бетперденің тиімділігін арттыру үшін оларды дұрыс сақтау, қолдану және жою керек.

Аурудың таралуы мейрамханаларда, тамақтану орындарында, хор айтатын қызметкерлер арасында, фитнес клубтарында, түнгі клубтарда, кеңселер мен ғибадат орындарына келушілер арасында жиі кездесуі тіркелуде, сондықтан халықтан көбінесе үйде болғанын сұраймыз. Ол жерлерде адамдар қатты сөйлеседі, өкпеден терең тыныс алады немесе қатты ән айтады.

Желдетілмеген бөлмелерде көптеген адамдардың бір-біріне жақын жерде ұзақ уақыт тұруы COVID-19 жұқтыру қаупін арттырады. Мұндай жағдайда вирус тамшылары аэрозольді түрінде таралады, сондықтан алдын алу шараларын жасаудың маңызы зор.

Кездесулерді көшеде өткізіңіздер. Көшеде адамдармен кездесу үйдегіге қарағанда әлдеқайда қауіпсіз, әсіресе бөлменің ауданы аз болса және табиғи желдету қанағаттанарлықсыз болса.

Көп адам шоғырланған орындардан және жабық жерлерден аулақ болыңыздар. Егер бұл мүмкін болмаса, алдын-алу шараларын қолданыңыз.

Терезелерді ашыңыз. Үйде болған кезде табиғи желдетуді көбейту керек.

Бетперде киіңіздер.