11 қыркүйек 2021 жылы Дүниежүзілік Алғашқы Медициналық Көмек Көрсету Күні

11 қыркүйек 2021 жылы Дүниежүзілік Алғашқы Медициналық Көмек Көрсету Күні

Жыл сайын, 2000 жылдан бастап, қыркүйектің екінші сенбісінде көптеген елдерде Дүниежүзілік алғашқы медициналық көмек көрсету күні атап өтіледі (World First Aid Day). Оны өткізудің бастамашылары Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай халықаралық қозғалысының мүшелері – Ұлттық ұйымдар болды.

Алғашқы медициналық көмек көрсетудің мақсаты-зардап шеккен адамға оның өмірін құтқару үшін қажетті қарапайым медициналық іс-шаралар өткізу, оның азабын азайту және ықтимал асқынулардың алдын алу. Осындай кәсіби көмекті медиктер көрсетеді, бірақ олардан басқа алғашқы көмек көрсету тәсілдерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен құтқарушылар білуі керек.

Көмек әрқашан оқиға орнына дер кезінде келуі мүмкін емес. Сондықтан құтқару қызметі келгенге дейін зардап шеккенге алғашқы көмек көрсету іскерлігіміз адам өмірін құтқаруда шешуші рөл атқара алады.