акушерка Есимова Р.К. жүкті әйелдермен «Босануға дайындық мектебінде» «Босану, жалған толғақ» тақырыбында жүктілігінің 3 триместірінде жүрген жүкті әйелдерге сабақ өткізді

ШЖҚ «№11 қалалық емхана»  МКҚ-де акушерка Есимова Р.К. жүкті әйелдермен «Босануға дайындық мектебінде»  «Босану, жалған толғақ» тақырыбында жүктілігінің 3 триместірінде жүрген жүкті әйелдерге сабақ өткізді.
Бірқатар гимнастиканың: «Лотос қалыбы», «Кегель жаттығулары», «Тізе-шынтақ қалыбы» түрлерін көрсетті.
Сонымен қатар, акушерка: босану, босану кезеңдері, толғату, босану кезіндегі ауырсыну, денеге түсетін жүктемені жеңу,  физиологиялық жүктеме және қиындықты қалай жеңуге, жаттығулар көмегімен позитивті көзқарасты сақтау туралы айтты.
Толғақты қалай жеңілдетуге болады, қай қалыпта толғақ оңайынан келеді.
 Босанудың 1 белсенді кезеңі және босану кезіндегі әйелдің өзін-өзі дұрыс ұстауы. Қорқыныш сезімі және оны қалай жеңуге болады.

Апта сайын әр сейсенбіде сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін емханада «Босануға дайындық мектебі» сабағы өтеді. Жүктілікке тіркелген жүкті әйелдер сабаққа қатысып қызықты мағлұмат алсаңыздар болады.