Күн сайын Абылайхан, 30 мекен-жайындағы 122 кабинетте әлеуметтік жұмыс мамандары кеңес өткізеді, сонымен қатар үйге барады.
Әлеуметтік жұмыс мамандары мүгедектерге, жалғызілікті қарттарға, көп балалы аналарға, жетім балаларға, ауыр дерттерден зардап шеккендерге материалдық-тұрмыстық көмек және моральдық-құқықтық қолдау, психологиялық көмек көрсетеді және ұйымдастырады.
☑️Әлеуметтік қызметке мұқтаж азаматтарды анықтайды,
☑️Қажетті көмектің мәні мен мөлшерін анықтайды,
☑️Медициналық мекемелерге госпитализацияны, стационарлық әлеуметтік қорғау органдарының қызметке жіберілуін,
☑️Қосымша жеңілдіктер туралы кеңес береді.
☑️ Функционалды емес отбасыларда жұмыс жүргізеді.
☑️Оңалту шараларының бағдарламасын жасайды.
«№11 қалалық емхананың» әлеуметтік қызметкері Калдаманова М.С. пациенттерге патронаж жасау үстінде.