Сауықтыру жаттығуларын өткізді

21.09.2017 ж. әлеуметтік-психологиялық қызмет емхана қызметкерлері және пациенттерді тартумен ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК дәлізінде сауықтыру жаттығуларын өткізді. Іс-шараның мақсаты қызметкерлерді салауатты өмір салтын қалыптастыруға дағдыландыру, барлық қатысушылар жақсы көңіл-күймен жұмыстарын жалғастырды. Емханадағы осы іс-шара 2 жылдан бері аптасына 2-3 рет тұрақты өткізіледі. Алдағы уақытта емхана пациенттерін осы шараға көптеп тарту жоспарланып отыр.